• 18 октября, 2024 5:16 дп

Жекешелендірудің елімізде екі әдісі таңдап алынған: бірі — халықтық ІРО және аукциондар

Автор:admin

Июл 26, 2024
Wooden judges gavel and notebook, business cards on black leather desk. High resolution

Жекеменшік нысандар мемлекеттік мекемелерге қарағанда тиімді жұмыс жүргізетіні белгілі, өйткені, нарықтық қатынастарға тез бейімделе алады, ішкі менеджментті дамытады, ал мемлекеттік мекемелер белгілі бір ережелер, бюрократиялық заңдарға бағынышты. Неміс ғалымы Макс Вебер «Шенеуніктер диктатурасы келе жатыр» деген мақаласында бюрократизмнен шығудың бес жолын көрсеткен болатын, егер қоғамда бюрократизмнің ықпалы азайса, мемлекет дамиды деп тұжырымдады. Президент Қазақстанда «меритократиялық элита жасау керек, ақылды, білімді, дарындылардың қоғамын құру керек» деп, осы бюрократиялық тежеулер мен қағазбастылықты азайту мәселесін жиі айтып келеді. Осы тежелулер еліміздегі жекешелендірудің бір бөлігі «Халықтық ІPO» шеңберінде болмауы керек, себебі, көптеген компаниялардың акцияларын сату осы жүйе арқылы жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Жекешелендірудің елімізде екі әдісі таңдап алынған: бірі — халықтық ІРО және аукциондар. Мемлекеттік бағдарламалар негізінде, азаматтар елдегі ірі ұлттық компаниялар акцияларын сатып алуға мүмкіндік алады. Бұл компаниялардың нарықтағы табыстары жоғары, әлемдік және ішкі дағдарыстарға тәуелділігі аз. Мысалы, «КЕGOC», «Қазтрансойл», «Қазмұнайгаз», «Қазатомпром», «ҚазТемірЖолы», т.б. компаниялардың үлескері болу шарттары «Халықтық ІРО» бағдарламасының негізінде жүргізіледі. «Халықтық ІРО» бағдарламасының мақсаты — халықты табысты жетекші ұлттық компаниялардың үлескері болуды қамтамасыз ету және баламалы жинақтау құралдарын ұсына отырып, нақты қатысу жолдарын түсіндіру. Қазірдің өзінде, нақты деректерге сүйенсек, еліміздің 30 мыңнан астам азаматы, жеке тұлғалар «ҚазТрансОйл» компаниясы акцияларынның иесі. Қазір азаматтар белгілі бір деңгейде қаржы табу, оны жұмсаудың жолдарын біледі, дегенмен нарықтық экономиканың заңдылықтарын ескеріп, табыс көзін нақты білумен қатар, үнемдеу жолдарын игеруге дағдылану — уақыт талабы. Қазақстан Республикасы дамыған отыз мемлекеттің деңгейіне жету үшін дамыған елдермен экономикасы, ғылымы, техникасы, медицинасы, адами капиталы бәсекеге қабілетті болу керек, ол үшін капиталистік елдердің заңдарын қабылдап, талаптарына бейімделу мақұл іс, бұл — қазіргі қоғамның заңдылығы. Мемлекетіміз алыс, жақын шетелдермен саяси, экономикалық, мәдени байланыстар орнатқан, көпвекторлы ел. Соның бір көрінісі — дамыған мемлекеттерде азаматтарымыз білім алу, біліктіліктерін жетілдіруге мүмкіндік алған «Болашақ» бағдарламасының қазір он мыңнан астам түлектері мемлекетіміздің түрлі құрылымдарында қызмет етіп жүргені. Бір бағдарламаның өзі еліміздің экономикалық күш-қуатын арттыруға, халықтың әл-ауқатының жақсаруына үлес қосып жатыр. Жоғарыда аталған жекешелендіру процесінің дұрыс жүріп, жүйелі жұмыс жасауы да мемлекеттік бағдарламалардың және халықтың белсенді қатысуының негізінде болады. Бұл процесс жеке тұлғаларды үлкен компаниялардың үлескеріне айналдырады, түпкілікті мақсат — шетелдердегі отандық ірі кәсіпкерлердің қаржысын елге қайтару, мемлекеттің қор нарығын дамыту. Жекешелендіру түрлі құрылымдардың қызметтерін өзгертеді, халық жеке секторлардың қызметтерін пайдалану арқылы нарыққа бейімделеді. Бірақ Қазақстан әлеуметтік мемлекет болғандықтан, кейбір әлеуметтік салалар (мектеп, балабақша, қарттар үйі, балалар үйі, т.б) мемлекеттік болып қала беруі керек.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin