• 21 сентября, 2024 3:08 дп

Салық саясатынан не күтеміз?

Автор:admin

Июл 17, 2024

Түркістан облысында салық саясаты қалай жүзеге асырылып жатыр? Салық саясатының нормалары өңірімізде қаншалқыты дәріптеліп, тұрғындар арасында түсіндірілуде? Егер бұл сұрақтарға жауап іздесеңіз осы мақаланы толығымен оқып шығуға кеңес береміз. Еліміздегі салық саясаты бірнеше реформаны бастан кешіргенін бәріміз жақсы білеміз. Енді жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр. Бұл Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Мұндайда сонда қолданыстағы кодекстің және жалпы салық саясатының тиімсіздігі неде деген сауал туындайды. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Төлеуовтің айтуынша, салық саясаты елдің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі ретінде барлық қатысушылар үшін әділ шарттармен сипатталуы керек. Оның сөзінше, салық реформаларының хронологиясына тоқталатын болсақ, келесі жағдайды көруге болады. 1991 жылы «Салықтар туралы» Заң қабылданды, ол нарықтық экономиканың жаңа жағдайында заңнамалық база құру арқылы нарықтық қатынастарды тұрақтандыруды көздеді. 1995 жылы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң енгізілді. Оның міндеті салық заңнамасын әлемдік стандарттарға жақындату болды. Осы заңның шеңберінде салықтар саны 17-ге дейін қысқарды және өзекті заңнамалық база қалыптасты. 2001 жылы экономиканың белсенді өсуі, сондай-ақ салық төлеушілерді бақылауды күшейту шаралары аясында салық базасын кеңейту тетіктерін қамтитын бірінші Салық кодексі қабылданды. 2008 жылы Салық кодексі жаңа редакцияда қабылданды, оның шеңберінде іскерлік белсенділікті ынталандыру есебінен салық алымдарын ұлғайтуға баса назар аударылды. Осыған сәйкес, болашақта негізгі салықтар бойынша мөлшерлемені төмендету қайта қаралды. 2017 жылы қолданыстағы Салық кодексі қабылданды. Бұл ретте оған 53 түзетулер пакеті енгізілді, олардың әрқайсысы көптеген өзгерістерден тұрады. «Салық саясатының тұрақты, мүмкіндігінше қарапайым, түсінікті, сондай-ақ әділ болуы өте маңызды. Бұл жерде Салық кодексінің алдыңғы нұсқалары, әдетте, бюджеттік тұрақтылықты қамтамасыз ету және оның кіріс бөлігін кеңейту тұрғысынан жазылғанын атап өту маңызды. Осылайша салық саясатының негізгі мақсаты экономиканың сапалы өсуі мен оны әртараптандыру емес, салық түсімдерін өсіру болды. Алайда номиналды ЖІӨ-нің тұрақты өсуіне қарамастан, ЖІӨ-ге салық түсімдері төмендеді және олардың динамикасы өте құбылмалы. Қазірдің өзінде Қазақстанда жан басына шаққандағы табыс деңгейі көрсеткіштері деңгейлес басқа елдермен салыстырғанда, ЖІӨ-ге түсетін салық түсімдерінің көлемі төмен екені байқалады»

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin