• 25 сентября, 2024 3:21 пп

Мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесіндегі өзгерістер

Автор:admin

Июл 11, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесін жасау туралы нақты тапсырмалар беріп, аталған саладағы олқылықтардың орнын толықтыруға көңіл бөліп келе жатыр. Президент тапсырмасына сай дайындалған «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң жобасын 2024 жылғы 15 мамырда Парламент Мәжілісі екінші оқылымда қабылдады. Біз осындағы бес негізгі ерекшелік туралы қысқаша тоқтала кетуді жөн көрдік.  Ең әуелі уақытты ұтымды пайдалану көзделген. Екінші өзгеріс – мерзімдерді қысқарту, рәсімдерді жеңілдету. Мұнда алдын ала талқылау кезеңдері алынып тасталған. Үшіншісі – нәтижелерді қайта қарау. Жаңа заң күшіне енгеннен кейін конкурс шешімі шыққан соң, шағымдарды тапсырыс берушілердің өздері (ұйымдастырушылар) 3 күн ішінде қарайды, Төртіншісі – жеткізушілердің жауапкершілігін күшейту. Бесінші – отандық тауар өндірушілерді қолдау. Сондай-ақ барлық ақпараттардың сайттарда ашық әрі қолжетімді болатындығын ескерген жөн. Бұл өз кезегінде жең ұшынан жалғасу, сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмауға оң әсерін тигізетін болады. Квазимемлекеттік сатып алулар енді жаңа тәсілмен жүргізіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленген заң жобасы Мәжілістің қарауында. Қазір мемлекеттік сатып алулардың таза әрі жылдам жүруін қамтамасыз ету мақсатында депутаттар квазимемлекеттік сектор және бизнес өкілдерімен түрлі ұсыныстарды талқылап жатыр. «Самұрық-Қазынаның» мемлекеттік сатып алу жүйесін депутаттарға басқарма төрағасы Ахметжан Есімов таныстырды. Оның айтуынша жаңа жүйе дағдарыс уақытында да өзінің тиімділігін көрсеткен. Бастысы бағаны көтеретін арадағы делдалдардан құтылуға бағытталған. Тапсырыс беруші өндірушімен тікелей жұмыс істейді. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына өз Жолдауында айтқандай, квазимемлекеттік сатып алу саласындағы ашық және тиімді процестер көптеген экономикалық сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді. Біріншіден, отандық өндірісті және өз өнімдерімізді қолдауға жол ашады. Екіншіден, бұл шағын және орта бизнеске көмек болады. Осының барлығы, жұмыс орындарын сақтап, әлеуметтік жағдайды да одан әрі дамытуға ықпал етеді. Заң жобасы бойынша сатып алулар толықтай электронды тәсілмен жүргізіледі. Ал, сыбайластықты болдырмау үшін кез келген кәсіпкер конкурс қорытындысына қатысты арыз шағым түсіре алады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin