• 20 сентября, 2024 6:50 дп

Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік құбылыс.

Автор:admin

Авг 19, 2024

Оның себебін, мағынасын толық түсіну мүмкін емес, деп есептейді ғалымдар. Бір ғана факт бар: жемқорлық – қоғамның дамуын тежегіш фактор. Бұл ұғымның ресми түсіндірмесі бар. Латын тілінен аударғанда сыбайлас жемқорлық – сындыру, бүлдіру, зақымдау, құлдырау деген мағынаны білдіреді. Латын термині «corruptio» екі түбірден құралған сөз: «cor» — жүрек, жан, рух, ал «ruptum» — бүлдіру, бұзу. Демек, «сыбайлас жемқорлық» сөзінің астарында тек лауазымды тұлғаның пара алуы немесе бюджет қаржысын қалтасына басуы емес, сонымен қатар әлеуметтік жүйе, мемлекеттік билік жүйесінің құлдырауы ұғымдары жатыр. Осы бағытта Шымкент қаласы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында бірқатар жұмыстар мен жоспарлар құрған. Әлеуметтік салада бұл құбылыстың алдын-алу шаралары заңмен негізделген түрде даярланған. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана дегеніміз – бұл адамдардың жемқорлық әрекетті әлеуметтік зұлымдық әрі қауіпті әрекет деп қабыладуы, оған қарсы пайда болатын ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы. Сыбайлас жемқорлық ежелден келе жатқан құбылыс. Тіпті жер бетіне адам пайда болғаннан бері келе жатқан құбылыс болуы мүмкін. Әрине, тарихи процесс барысында жемқорлық түрлері өзгеріп келеді. Қазіргі таңда жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзге адамның пайдасына шешілген әрекеті үшін ақшалай, бағалы қағаз немесе мүлік ретінде алған парасы, лауазымды адамның қызметін пайдаланып туысын, жақынын қарамағына жұмысқа алу, мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттың бір бөлігін өз қалтасына салу, мемлекеттің мүлкін талан-таражға салу. Атақты француз философы Шарль Монтескье: «ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам қылмыс жасауға бейім тұрады және тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасайды», — деп жазды. Әр елдің тарихында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер туралы жазба деректер бар. Ресей тарихында бірінші сыбайлас жемқорлық әрекеттерін шектеу заңнамасын III Иван жазыпты. ХVI ғасырдың ортасында Иван Грозный парақорлыққа қатаң тыйым салып, өлім жазасына кесуді бұйырған. Ол 1561 жылы Сот грамотасын енгізді, онда жергілікті земство басқармасының сот шенеуніктеріне пара алғаны үшін өлім жазасы түрінде санкция белгіленді. А.М. Романовтың кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жалғыз халықтық бүлік болды. Ол 1648 жылы Ресей жерінде мәскеуліктердің жеңісімен аяқталды. Қаланың жартысы бейбіт тұрғындарымен өртеніп кетті, алайда патша екі министрді — Земстволық бұйрықтың басшысы Л.Плещеевті және Пушкарлық бұйрықтың бастысы П.Траханиотовты көпшілікке азаптауға берді. 1649 жылы қабылданған Соборлық Ережеде парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік және пайда табу мақсатында қызмет бабын теріс пайдалану сұрақтары көрініс табады. Соборлық Ереженің 5 және 7- баптарында сот органдарының лауазымды тұлғаларының сыйақы алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, ал 6-бапта субъектінің шеңбері кеңейтілді, сот шенеуніктері қызметін атқаратын тұлғаларға пара алғаны үшін жауапкершілік көрсетілген. I Петр кезеңінде сыбайлас жемқорлық етек жайды және онымен қатал күрес жүргізілді. Зар заман ақындарының шығармаларында жемқорлық жиі сөз болғанына қарағанда, ХІХ ғасырда қазақ даласында сыбайлас жемқорлық болған.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin