• 26 ноября, 2024 2:21 дп

Жемқорлықпен күрес бүгінде мемлекеттік түйткілді мәселе

Автор:admin

Авг 17, 2024

Егемендік алып, ел болып, еңсесін көтерген еліміз Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының  саясатының арқасында толағай табыстарға жетіп отыр. Алдымен халықтың әлеуметтік әлеуетінің артуына баса көңіл аударып, ел дамуының басым бағыттарын айқындалды. Тәуелсіз елдің іргесінің нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылдап, жүйелі жоспарлар бекітті. Осындай еселі еңбектің арқасында мемлекетіміз әлемге өзінің біртұтас, ажырамас бірлігімен танылды. Дегенмен, жасампаз мемлекетіміздің жарқын болшағына дақ түсіріп отырған сыбайлас жемқорлық мәселесі бүгінгі қоғамның басты кеселі болып отыр. Жемқорлық еліміздің бәсекеге қабілеттілігіне едәуір нұқсан келтіретін, қоғамда болып жатқан жаңа мүмкіндіктердің жүзеге асырылуын тежейтін, еліміздің халықаралық беделіне сызат түсіретіні белгілі. Түптеп келгенде, адамдардың заң мен әділдікке, билікке, жалпы демократиялық қоғамға деген сеніміне селкеу түсіріп, ел дамуына кері әсер етеді. Қазақстан халқына арнайтын әр Жолдауында жемқорлықты түбегейлі жою тетіктерін ұсына отырып, онымен күресудің жаңа стратегиясын қалыптастыру мен оны іске асырудың маңыздылығын қайталап келеді. Жемқорлықпен күрес бүгінде мемлекеттік түйткілді мәселеге айналып отыр. Адам баласына жат қасиеттің алдын алу мақсатында аудан бойынша жоспарлар бекітіліп, жүйелі түрде жұмыстар атқарылуда. Ел экономикасының өсіп-өркендеуіне өрескел кедергі келтіретін жемқорлықтың алдын алуда аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аумақтық комиссияның отырыстары жиі өткізіліп тұрады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жүргізу үшін құрылған арнайы мониторингтік топ құрылып, кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізіп тұруды дәстүрге айналдырған. Осындай келеңсіз құбылыспен түбегейлі күрес жүргізу тек сот пен құқық қорғау және мемлекеттік мекемелердің міндеті емес екендігін түсіндіру мақсатында аудан бойынша «Параға емес, биікке ұмтыл» және «Назарсыз қалдырма, жемқорлықтың тізбегін үз» атты тақырыпта CALL орталығының 1424 нөмірі жазылған баннер орнатылды.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin