«Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күреске» байланысты Шымкент қаласындағы мәдени орындарда, мектептер мен жоғарғы оқу орындарында, түнгі рейдтерде де түсірдірме жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын әлеуметтік желелірден байқауға болады. Сондай-ақ, қазіргі таңда Шымкенттік тәртіп сақшыларының көмегімен қылмыс жасаған күдіктілер де ұсталуда. Баланы бастан демекші ең әуелі жасөспірімдердің зиянды әрекеттер жасауына кедергі болып, үнемі қадағалау, тексеріс жұмыстарын жүргізіп тұрған артық етпес. Нашақорлық қоғамымыз үшін қайғы-қасірет екендігі баршамызға белгілі. Ал нашақорлық бар жерде наркобизнес жүретіні мәлім. Егер наркобизнестің жолын бөгесек, нашақорлықтан толықтай құтылуға мүмкіндік туады. үркістандық полицейлер азаматтарға есірткі заттарының заңсыз айналымы мен таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік бар екендігін ескертіп, тұрғындарды зиянды әдеттерден бас тартуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырып жптыр. Әрине Шымкент қаласында есіркіге жоламау, нашақорлықтың алдын алу одан басқа ішімдік, темекі тарту секілді зиянды әрекеттердің алдын алу үшін жастарды жинап дөңгелек үстелдер яғни ашық пікір алаңдары, зиялы қауыммен кездесулер, жиындар өтуде. Бұл әрекеттердің алдын алу үшін тиісті өкілдерде қарап отқан жоқ. Деркезінде қаламызда түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Ал, Қоғамдағы жастарымыздың алдануының ең басты себебі білімсіздік, есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңілтектікпен қарау болып табылады. Одан кейін, қызығушылықтың туындауына көбінесе айналасындағылар мен бұқаралық ақпараттары да себеп болады және ойын-сауық орындары, дискотека және басқа да көңіл көтеретін орындар болып табылады. Бірден бір себеп ол қысым, жаман достардың қысым жасауы. Әуестік, бір рет көрейін, сосын тастаймын деп ойлау. Бір рет немесе екі-ақ рет көрудің өзі адамды қайтпас жолға салуға жеткілікті болады. Сонымен қатар, мода қуалау, айналасындағыларға еліктеу. Қоршаған ортасы бұзық болса, жаман әдеттердің жұғуы оңай. Жастардың қауіп-қатерді жақсы көруі, жыныстық бұзылу, өзін-өзі көрсету, күшін дәлелдеуге тырысу, генетикалық құрылымының есірткіге бейімдігі, иманның әлсіздігі, нашар отбасы және бұзық қоғамнан туған сенімсіздік, болашақ туралы уайымның адамды жалғыздыққа итермелеуі, жоқшылықтың өзін-өзі өлтіруге итермелеуі, байлықтың масаңдатуы, мемендік есірткіге итермелейтін негізгі себептер болып табылады.
Jsk ақпараттық агенттігі