Нашақорлық – өзін -өзі өлтірудің ең баяу тәсілі, өз бойында өмірді, ерікті, ақылды, қабілетті саналы, ерікті түрде бұзу. Қорыта айтқанда, «Адамдар, әрекетті саналы түрде жасаңдар! Себебі есірткі деген уды бір рет қабылдау сауықпайтын зардаптарға әкелуі мүмкін. Нашақорлардың көбі ұрпағын жалғастыра алмайды. Нашақорлармен жұмыс істеу жалпы кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл айтылған кезеңдердің ең біріншісі науқастың организмін ауыр халден босатып, аяғынан тұрғызу болып табылады. Ал бұдан кейінгі кезең — психологиялық көмек беру, екінші жұмыс алғашқыдан біраз күрделілеу. Өйткені, нашақорларды құрдымға кетіретін де олардың ішкі жан-дүниесінің әлсіздігі. Бұдан кейінгі емдеу жұмысы оларды еңбекке жарамды ету яғни реабилитация кезеңінен өткізу керек. Бір айта кететініміз нашақорлық тек медициналық ауру емес, бұл негізінен әлеуметтік дертке жақынырақ. Нашақорлықтан біржола құтылу мүмкін емес шығар сірә. Осы орайда, тағы да әлемдік зерттеулерге жүгінетін болсақ, есірткіге қарсы заңдарды қатайтудың салдарынан аз-маз мөлшерде есірткімен ұсталып жазықты болғандар есебінен әсіресе, дамыған елдерде темір торлар тұтқындарға толып кететінге ұқсайды. Құқық қорғау органдары ролінің күшеюі полицейлер мен арнайы қызмет мамандары тарапынан қызмет бабын асыра пайдаланушылыққа, заңды белден басып, бұрмалай қолдануға жол ашылады деп болжануда. Осындай іс-әрекет қарапайым халықтың азаматтық құқығын шектеуге ұрындырары хақ дейді ғалымдар. Қалай болғанда да Нарколог-мамандар мен ғалымдар және салауатты өмір салтына болысатындар түрлі амал-тәсіл ойлап табумен әлек. Ал нашақорлар болса, мұндай шаралардан бейхабар болуы былай тұрсын тіпті, өзінің болашағын ойлаудан да қалған. Әсіресе, жастарды көктей орып, жуадай солдыратын пәленің нақ өзі — сол көкнәр, апиын, наша тарту деп аталатын есірткі құмарлық. Есірткінің әлемнің көп елдеріне жайылып, жасырын бизнестің ең қауіпті түріне айналуы қазіргі кездің ең өзекті проблемаларының бірден бірі. Нашақорлық–әлеуметке ортақ проблема. Жер бетіне миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең. Алайда, ол шекараны білмейді, нәсіл, жыныс, жас талғамайды. Нашақордың жолымен кеткен адам біртіндеп өзінің адамгершілік қасиеттерінен айырыла бастайды, психикалық тұрғыдан өзгереді, достарын, кейін отбасын жоғалтады, өзіне және жанындағыларға бақытсыздық алып келеді. Ұзақ уақыт бойы нашақорлық мәселесі жабулы қазан күйінде қалып келді, ол туралы айтылмады. Қазір барлығы ол туралы біледі, бірақ әлі бұл өткір тақырып болып қалуда. Нашақорлыққа қарсы күрес құралы – оны таратуға қарсы бүкіл адамзаттың жұмылуы. Осы тұрғыдан алғанда, бұл құбылыстың барлық қасіреттері жөнінде адамдарды толық, жан-жақты, ақпараттандыру мақсатқа қол жеткізудің ең тиімді құралы екенін барлығы мойындайды.
Jsk ақпараттық агенттігі