• 26 ноября, 2024 5:55 дп

КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ РЕФОРМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

Автор:admin

Май 11, 2022

 

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Күн тәртібінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Референдум өткізу туралы бастамасы талқыланды.
Отырысқа «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы Ж.Бектава, қалалық филиал Атқарушы хатшысының орынбасары, фракция жетекшісі Б.Тулегенов, қалалық филиал жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Н.Жанабаев және Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.

Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері бірауыздан ел Президенті Қ.Тоқаевтың референдум өткізу туралы бастамасын қолдайтындықтарын, сонымен бірге, соңғы Жолдауда Президенттің саяси реформаларды жариялап, билік институттары арасындағы конституциялық құрылымды жетілдіруге мүдделі екенін танытқандығына тоқталды.

Өзгеріс аз емес, соның бірі — Парламент палаталарының рөлі күшейіп, мәртебесі артады, Мәжілісті қалыптастырудың аралас моделін енеді, Парламенттің бақылау функциялары кеңейеді, заңнамалық рәсімдер оңтайланатындығын сөз етіп, насихаттау жұмыстарында бірлесіп қызмет ететіндіктерін жеткізді.

Автор: admin