• 29 ноября, 2024 8:34 дп

Қазақстанның бүгінгі қаржы және банк секторы

Автор:admin

Авг 11, 2024

ТМД мемлекеттері арасында мойындалып отырған, барынша бәсекеге қабілетті саласы. Дей тұрсақ та, антимонополиялық заңнамаға енгізілген толықтырулар мен өзгертулер елдегі екінші деңгейлі банктер мен шетелдік банктердің еншілестерінің қызметіне қолайсыздық тудыруда. Алматыда өтіп жатқан конференция барысындағы “Қазақстанның қаржы және банк секторы” деп аталатын мәжілісте “Қазақстан Халық банкі” АҚ Басқарма төрағасы Григорий Марченко осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, Ұлттық банк пен Қаржылық бақылау агенттігінің пікірлері ескерілмей ҚР Парламенті депутаттарының екі палатасынан өткен аталмыш заң екінші деңгейлі банктердің кірісін азайтып, шығысын көбейтіп қана қоймай, сыртқы, яғни халықаралық нарықтағы қатынастарды күрделендіріп отыр. ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында жан басына шаққандағы инвестиция тарту бойынша алдыңғы орында тұрған Қазақстанның ішіндегі банктер арасында үлкен бәсекелестік бар. Бұл мемлекет үшін аса қолайлы жағдай, деп атап өткен Г.Марченко елдегі инвестициялық климатты әлі де жақсарта түсу керектігін ескертті. Мәжіліс барысында баяндама жасаған ҚР Ұлттық Банкі Басқарма төрағасы Әнуар Сәйденов, ҚР Қаржы вице-министрі Әлихан Смаилов және Commerzbank АҚ Алматыдағы өкілдігінің жетекшісі Гельмут Фишер еліміздің қаржы және банк секторының инвестициялық әлеуетін аса жоғары бағалап, оны әлі де жетілдіре түсу керек екендігін ескертті. Бір күндік конференция барысында Қазақстанның және халықаралық деңгейдегі инвестициялық жобалардың таныстырылымы болды.  Конференцияның жабылуында сөз алған шараның ұйымдастырушысы Орталық Азиядағы демократияны дамыту қорының президенті Еркін Тұқымов: “Осы мәселе бойынша өзара пікір және тәжірибе алмасу мақсатында өткен конференция негізгі міндеттерін орындаған секілді. Инвесторлар мен қаржы салымдарын қажет ететін мекемелер арасындағы осы секілді диалог алаңын ұйымдастыру үлкен нәтижелерге жеткізеріне сенімдімін” деп пікір білдірді.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin