• 20 сентября, 2024 6:38 дп

Қаржы секторын дамытудағы негізгі жетістіктер

Автор:admin

Авг 18, 2024

Тұжырымдамада соңғы жылдардағы қаржы нарығын дамытудың негізгі жетістіктері айқындалған. Осылайша, банк секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің Базель III стандарттары енгізілді. Капиталдың жаңа буферлеріне қойылатын: консервативті, контрциклдік және жүйелік талаптар енгізілді, өтімділіктің жаңа коэффициенттері: өтімділікті жабу коэффициенті (LCR) және таза тұрақты қорландыру коэффициенті ((NSFR) белгіленді. Қаржы нарығының барлық секторларында тәуекелге бағдарланған қадағалау және дәлелді пайымдаулар жүйесі енгізілді. Банк секторында бұл Еуропалық Одақтың SREP (Supervisory review and evaluation process), қор және сақтандыру нарықтарында – RASS (Тәуекелдерді бағалау және қадағалау жүйесі) және IRIS (Insurance Regulatory Information System) үлгілері, олар тәуекелдерді ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Ұлттық Банк пен Агенттік 14 банктің активтерінің сапасын тәуелсіз бағалауды (AQR, Asset Quality Review) жүргізді. Қадағалап стресс-тестілеу жүйесі енгізілді және AQR жылдық форматқа бейімделді. Микроқаржылық қызметті лицензиялау енгізілді, оның ішінде ломбардтар, кредиттік серіктестіктер және онлайн-кредиттік компаниялар бар (605 ломбард, 219 кредиттік серіктестік, 242 микроқаржы ұйымы). Қор нарығында бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жүргізілді: KASE жаңа сауда жүйесі енгізілді, Орталық депозитарий базасында өңірлік депозитарлық-есеп айырысу жүйесі құрылды, барлық KASE нарықтарында мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ететін орталық контрагент енгізілді. Зейнетақы жинақтарын жеке компаниялардың басқаруына беру құқығы жүзеге асырылды.  Сақтандыру нарығында автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын 100% онлайн жасау енгізілді. Заңнамалық деңгейде өмірді жинақтап сақтандыруды дамыту үшін ынталандырулар қабылданды және кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті енгізілді. Қаржылық қызметтерді цифрландыру және қашықтан қызмет көрсетуді енгізуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Барлық қаржылық қызметтер бойынша шарттарды қашықтан жасасу тетіктері енгізілді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin