• 20 сентября, 2024 6:44 дп

Қаржы мүдделерін қорғау құралы ретінде сақтандыру нарығын дамыту.

Автор:admin

Авг 9, 2024

Сақтандыру секторы әлеуметтік бағдарланған сала болып табылады, оның негізгі міндеті халықтың әл-ауқатын арттыру және оның мүліктік мүдделерін қорғау болып табылады.

Осы бағыт бойынша негізгі бастамалар сақтандыру қызметтерінің желісін кеңейтуді, сақтандыру нарығының инфрақұрылымын, оның ішінде цифрландыру есебінен жетілдіруді, сондай-ақ төлем қабілеттілігін бағалаудың халықаралық стандарттарын енгізу арқылы сақтандыру секторының тұрақтылығын арттыруды қамтиды. Жалпы сақтандыру саласында дамудың негізгі бағыттары жүктелген сақтандыруды енгізу арқылы халықтың және кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қорғауға бағытталатын болады. Жүктелген сақтандыруды дамыту халықты кәсіби қателіктерден, кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын сапасыз қызметтерден мүліктік қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жеке тұлғалар үшін инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында unit-linked өмірді сақтандырудың ұзақ мерзімді жинақтаушы инвестициялық өнімдерін жандандыру бойынша жұмыс жалғастырылады. Сақтандыру төлемдерін онлайн реттеуді жүзеге асыру үшін Деректердің бірыңғай сақтандыру базасын дамыту жалғастырылатын болады.

Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін сақтандыру делдалдарының (сақтандыру агенттерінің) өзін-өзі реттеу институтын енгізу жоспарлануда.

Ұлттық сақтандыру нарығының мүмкіндіктерін кеңейту үшін жүктелген сақтандырудың түрлері бойынша сақтандыру пулдарын құру арқылы бірнеше сақтандырушының бір тәуекелді бірлесіп  сақтандыруын дамыту және кеңейту жоспарлануда.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесін одан әрі дамыту сақтандырудың кепілдік берілетін сыныптарын кеңейтуді, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорынан кепілдік төлемдерді жүзеге асыру тетігін оңайлатуды, сақтандырудың аннуитеттік түрлері бойынша төлемдердің үздіксіздігін қамтамасыз етуді көздейді.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin