• 29 ноября, 2024 5:41 дп

Бюджет саласын — экономикадан мемлекетсіздендіру және жекешелендіру

Автор:admin

Авг 13, 2024

Мемлекеттік мұқтаждық үшін өнім (тауар, жұмыс және қызмет) жеткізуге арналған келісімшарт пен мемлекеттік мақсатты бағдарламаны жеке кәсіпкерлер мен мемлекеттік ұйымдардың қызметіне ықпал ету үшін ойдағыдай пайдалануға болса, онда шаруашылық жургізуші субъектіні мемлекеттік қолдау тек мемлекеттік сектордың ұйымдарымен өзара қарым-қатынас жасау үшін пайдаланылады. Осы тікелей реттеу әдісі негізінен ұзақ мерзімді негізде мақсатты дотациялар мен субсидиялар түрінде, яғни шаруашылық жүргізуші қызмет істейтін бүкіл кезеңде жүзеге асырылады. Нақты шаруашылық жүргізуші субъектіні қаржыландыру елдің әр түрлі деңгейдегі бюджеттерінде жеке жолмен немесе тиісті билік деңгейінде бюджетті қаражатты басқарушы бағыттайтын қаражат шеңберінде қарастырылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен басқа да ұйымдар ішкі және халықаралық нарықта жұмыс істеп, халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ықпалдастық пен халықаралық саудаға қатысуы үшін халықаралық сертификаттау қағидаларын сақтауға міндетті. Сертификаттау тұтынушыларды өнім (жүмыс, қызмет) таңдауға көмектеседі, оларды адал емес өнім жасаушыдан қорғайды, қазақстандық және халықаралық нарықтарда өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді және тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағы мен шет елдерде еркін қозғалуын қамтамасыз ететін жағдай жасайды. Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері дегеніміз — экономиканың салалары, аймақтары, сфералары, сонымен бірге автоматты түрде шешілмейтін, не болмаса алыс болашақта шешуін табатын, бірақ оларды дер кезінде шешу экономиканың бір қалыпты дамуына және қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге себепші болатын мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі құбылыстар мен жағдайлар. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі объектілеріне жататындар :
Экономикалық цикл
Секторлық, салалық және аймақтық экономика құрылымы
Капиталдың қорға айналуы
Жұмыспен қамту
Ақша айнылымы
Төлем балансы
Ғылыми зерттеу және тәжірибе конструкторлық жұмыс
Бәсекелестік жағдай
Әлеуметтік қатынастар және әлеуметтік қамсыздандыру
Қоршаған орта
Сыртқы экономикалық байланыстар.
Бұл айтылып отырған объектілер әлеуметтік-экономикалық дамуда макроэкономикалық (мысалы, экономикалық цикл, капитплдың қорға айналуы, т.б) және микроэкономикалық (мысалы, бәсекелестік жағдай, әлеуметтік қатынастар) қатынастарды қамтиды.
Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin