• 29 ноября, 2024 10:30 дп

Әлеуметтік-экономикалық басқаруды —  мемлекетсіздендіру саясатына әсері

Автор:admin

Авг 10, 2024

Мемлекеттік   және   нарықтық   басқарудағы   шетелдік   экономикалық   тәжірибені   ғылыми қорытындылау   күн   тәртібіне   келесі   мәселерді   қойып   отыр:   бұл   тәжірибе   Қазақстан экономикасының жағдайына қаншалықты қолайлы және оны енгізуге бола ма, әлде нарыққа өту кезінде Қазақстан үшін шаруашылық жүргізудің өзіндік моделі болуға тиіс пе? Шетелдік   экономиканы   мемлекеттік   реттеу   тәжірибесін пайдаланылатын болса, онда келсі негізгі заңдылықтарды көрсетуге болады:   Қазақстан   жағдайында 1.Экономикалық   саясатты   ғылыми   негіздеу,   стратегияны   анықтау,   шаруашылық   даму тактикасын, мақсатын және басымдылығын айқындау инвестициялық – құрылымдық, ғылыми –техникалық, құқықтық сипаттағы мәселелерді шешуге пайдаланылады. 2.Кәсіпкерлердің,   шағын   және   орта   бизнес   субьектілерінің   нарықтық   инфрақұрылымдар қызметтерінің   мемлекеттік   және   жеке   меншік   кәсіпорындарының   тиімді   бағытта   дамуын ынталандырылуы мақсатында ұсынушы – реттеушілік жоспарлауды жүзеге асырады. 3.Әкімшілік,   заң   шығару,   қаржы   –несие,   салық   және   баға   белгілеу   механизмдерін   кеңінен қолдана   отырып,   қоғамдық   тауарлар,   заңды   және   жеке   тұлғалар   табыстарының, трансакциялық шығындар «қозғалысын» тікелей мемлекеттік реттеу 4.Сыртқы   экономикалық   саясатты   жүргізуде   мемлекеттің   экспорттық   потенциалын жоғарылатудың басыңқылығын мойындау және оның әлемдік шаруашылық интеграциялық процессіне «жеңіл» кіруін іске асыруды қамтамасыз ету  Эконмиканың   өсуі   көбінесе   тұтынудың   жаңа   түрлерін   қанағаттандыру   болып   табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономиканың   «экономикалық   өсу»   категориясына   теориялық   және   практикалық   тұрғыдан ерекше мән береді. 2.Экономикалық өсу: факторлары, көрсеткіштері және оларды анықтау әдістері Экономикалық өсу­ ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және оларды екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өнідірістің интенсивті типіне негізделе дамиды.Ұлғаймалы   ұдайы   өндірістің   эксттенсивті   типінде   өнім   шығаруды     екі   есе   арттыру   үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі ұлғаюы қажет. Ұлғаймалы   ұдайы   өндірістің   интенсивті   типінде   осындай   нәтижеге   жұмыс   күшінің   және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті типін алатын болсақ, мұнда   қиындық   туа   қоймайды.Экономиканың   жеткілікті   қарқынды   дамуы   сол   кезге   дейін жүзеге   асуы   мүмкін:   қоғам   қай   уақытта   экстенсивті   өсудің   шектеулі   кедергілерімен жолыққанша. Бір сөзбен айтар болсақ, экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар.Мүндай жағдайға тап болған қоғам өзінің бағыт­ бағдарын өзгертуге тырысады. Барлық   қоғам   масштабындағы   экономикалық   өсу   тауар   мен   қызмет   көрсетудің   жылдық көлемінің   ұлғаюы   мен   байқалады.Сондықтан   экономикалық   өсуді   өлшеудің   көрсеткіштері: жалпы ішкі өнім немесе ЖҰӨ немесе ҰТ болып табылады.

Jsk ақпараттыық агенттігі

Автор: admin