• 24 ноября, 2024 7:04 пп

Қандай да бір механизмнің құрамында бірнеше тетіктер және элементтер болады. Салық салу механизмінде сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен құралады. Жалпы қабылданған ережелер бойынша салық төлеушілер мен салық салудың келесі элементтері анықталған жағдайда ғана салық белгіленген болып есептеледі: — салық субъектісі немесе салық төлеуші. Ол заң жүзінде салық төлеудің міндеттілігі жүктелген тұлға, алайда нарықтық механизм арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға – салықты алып жүрушіге қойылуы мүмкін; — салық төлеуші – соңғы немесе өз табысынан салықты нақты төлеуші; — салық салу объектісі – мүлік, табыс, пайда, өткізілген тауарлардың (атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет) құны немесе салық төлеушіде салық төлеу міндеттілігін туындататын құндылық, сандық және физикалық сипаты бар басқа да экономикалық негіздеме; — салықтық кадастр – салық салуға жататын объектілер тізімі. Олардың негізінде салық салу объектісінің анықталған категориясынан орташа кіріс нормасы анықталады; — салықтық база – салық салу объектісінің құндылық, физикалық және т.б. түрдегі сипаты; — салықтық кезең – бухгалтерлік есеп тіркемелерінен алынған мәліметтерінен және салық салуға жататын немесе салық салумен байланысты болатын объектілердің құжатты түрде расталған мәліметтерінен туындаған салықтарды есептеуге негіз болатын уақыт аралығы; — салық мөлшерлемесі – (квота – бөлшек, жалпы зерттелетін процестің жартылай көрсеткіші) салық базасының өлшем бірлігіне процентпен немесе абсолютті сомамен белгіленіп, салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді; — салық ақысы – жалпы салық объектісіне есептелген салық сомасы; Қазақстан Республикасында салық саясаты өте қатты қатаң бақылауда екенін баршамыз білеміз.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin