• 20 сентября, 2024 9:41 дп

Салық саясаты және оның жүзеге асыру механизмі

Автор:admin

Авг 9, 2024

Салық саясаты дегеніміз – мемлекеттің салық және салық салу саласында жүргізіп отырған іс-шараларының жиынтығы. Салық саясаты салық жөнінде іс-шаралар жүйесін білдіреді. Салық саясатының мазмұны мен мақсаттары қоғамның әлеуметтік экономикалық жағдайына байланысты. Салық саясаты – жалпылай алғанда экономикалық және әлеуметтік маңызы бар нәтижелерге жетуде салықтық бақылаушы, реттеуші, қазыналық және бағалық мүмкін болатын қызметтерін жүргізуге бағытталған және мемлекетте жүргізілетін құрамында ортақ экономикалық саясатты іске салық саясатын басқару облысында тактикалық стратегиялық комплексті ұсынады. Салық саясаты субъектісі болып салықтық бақылау және реттеу жүргізетін, салық процесіне тікелей байланысты мемлекеттің заңдылық және орындаушы билік органы табылады. Салық саясаты объектісіне барлық салықтық процестер қатысады. Яғни, салық механизмі, салық жүйесі, салық салу, салық құқығы және тағы Салық саясатының жеңілдіктері: — масштабы мен ұзақтылығына қарай: стратегиялық (ұзақ мерзімді, 3 жылдан жоғары) және тактикалық (1 жылдан 3 жылға дейін). Стратегия мен тактика бір – бірін толықтырып және дамытып отыруы керек. – ортақ қажетті бағытталуының маңызына байланысты салықтық процестерді басқару облысы келесідей салық саясатына бөлінеді: қазыналық, реттеуші, бақылаушы – реттеуші, аралас. Салық саясатының қазыналық түрі – салық төлеушілер және аймақтар, мемлекеттің экономикалық шығындарын және стратегиялық қызығушылығын есептемегендегі мүмкін болатын жоғары табысты көтеруді сипаттайды. Бұл саясаттың әртүрлілігі болып “жоғары салық”, оған қатысатын салықтар мен алымдардың санының көптігі, салық ставкасының жоғарылығы және де салық жеңілдіктері аздығымен сипатталады. Реттеуші салық саясаты да салық реттеуде тиісті қызмет атқарады. Мұндай саясат салықтық жеңілдіктердің көптігін, салықтық режим мен экономикалық зонадағы жеңілдіктерді, салықтық бақылаудың әлсіздігімен сипатталады. Бақылаушы – реттеуші саясат – бұл өте сирек жағдайда кездесетін саясат. Салықтық реттеуші және қазыналық саясатын әлсіз орындаған жағдайда, не болмаса мемлекетте “жоғары салық” саясаты қатаң түрде ұзақ мерзімде болса көлеңкелі экономиканы күту жағдайында және азаматтар мен кәсіпорындардың салық төлеуден жалтарылу көп болған жағдайымен сипатталады.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin