• 20 сентября, 2024 4:24 пп

Бюджетпен есеп айырысудағы қарыздарды азайту және салықты жинау деңгейін жоғарлату, салық санкцияларымен салық жеңілдіктерін, салық жүйесінің құрылымын және құрамын дамыту, салықтар мен негізгі салық ставкаларын, салықтық бақылау жүйесін тиімді және инвестициялық қызметтерді, кірістер мен қажеттіліктерді, өндіріс көлемі есебінен оларды жоғарлату және бюджет жүйесін салық кірістерімен тепе – теңдікті тұрақты қамтамасыз етуге көзделген. Салық саясатының мақсат-міндеттері: 1 Мемлекетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету 2 Жалпы мемлекеттің экономикасын реттеуге жағдай жасау 3 Нарықтық қатынастар процесінде пайда табыстары арасындағы теңсіздікті азайту Салық саясатының негізгі үш типі бар. 1 Максималды салықтар саясаты – не алуға болса соның бәрін алу принципіне негізделеді.Мұндай саясат кезінде мемлекеттке салық қақпаны дайын тұрады, себебі салық түсімдердің жоғарылауы табыстардың ұлғаюына әкелмейді. Шетел ғалымдары шекті салық ставкасы – 50 пайыз дейді. 2 Қалыпты салық саясаты жақсы салық климатын жасай отырып, табыстардың өсуіне, дамуына қолайлы әсер етеді. Табыстар салық салудан максималды деңгейде босатылады, бірақ салықтар түсімдердің қысқаруынан ол әлеуметтік құқықтардың шектелуіне әкеп соғады. 3 Салық салудың жоғары деңгейін белгілейтін, бірақ едәуір әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуді қарастыратын салық саясаты. Салықтық түсімдер әртүрлі әлеуметтік қорлардың көбеюіне бағытталады. Бірақ мұндай экономика инфляцияның жоғарылауына әкеледі. Қазақстан үшін бірінші және үшінші типті салық саясаты тән. 20 ғасырдың 1980-1990 жж. нарықтық экономикасы дамыған өнеркәсіптік елдер тікелей және жанама салықтарды жетілдіруге, іскерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған салық реформаларын жүргізді. 90-шы жылдардың басы ҚР-ның салық жүйесінің туындау және қалыптасу кезеңі болып табылады. Салықтар кәсіпорындардың пайдасын жоспарлы бөлу жүйесін ауыстырды. Мемлекет қоғамдағы процестердің дамуына салық салу арқылы әсер ете бастады. Бірақ бүгінгі күнге дейін заман талаптарына сай келетін салық жүйесі жоқ. Барлық елдерде салық саясатын негіздеудің теориялық қадамдары мен салық салудың тиімді және әділетті әдістемесінің ізденістері жүріп жатыр. Бұл мақсаттарға жету үшін бірінші кезекте салық теориясын білу қажет. Салық саясатын жүзеге асыру құралы болып салықтық реттеу механизмі табылады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin