• 26 ноября, 2024 6:25 дп

Салықты реттеудің маңыздылығы

Автор:admin

Авг 16, 2024

Экономикасы дамыған елдердiң барлығы өздерiнiң даму кезеңдерiнде экономикалық реттеудiң iшiнде салықтық реттеудiң маңызының зор екенiн дәлелдедi. Қазақстанның бүгiнiгi күнi салық ставкалары арқылы реттеудiң 2 жолы 1 Мүмкiндiгiнше шетелден келген инвесторларға салық ставкаларын кемiту және салық жеңiлдiктерiн беру. 2 Әрбiр жылы мемлекеттiк бюджеттi белгiлеген кезде, жергiлiктi мемлекеттiк салықтар арқылы реттеу жұмысын жүргiземiз. Салықтық реттеудiң ең маңызды көздерi болып жеңiлдiк пен ставка саналады. Бiрақ, бұл жеңiлдiктер мен ставкаларды шамадан тыс жоғары мөлшерде белгiлеу немесе көбейту кейбiр жағдайда экономиканың өсуiне емес, құлдырауына әкеледi. Салық саясаты және оның салық механизмі – қаржы саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Салық механизмі салық құқығы, салық салуды және салық жүйесін, сондай – ақ салық механизмі элементтері арқылы мемлекет салық саясаты түсініктерін біріктіреді. Салық механизмі стратегиялық және тактикалық салық саясатын үкіметтің концепцияларды қабылдауларына сәйкес салық жүйесін және салық салу жүйесіндегі заңдылықтарын жүргізеді. “Механизм” термині техникалық құбылыс болып табылады және экономикалық мағынасында белгілі бір қызметті іске асыратын құрал болып табылады. Салық механизмі – салық жүйесінде қызмет ететін қабылданған салық саясаты концепциясы шеңберінде өткізілетін, салықтық процесті басқару әдістері мен формалары бекітілген салықтық құқық элементтерінің жиынтығы. Салықтық реттеу мемлекеттің экономикаға араласуының негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады. Бұл мемлекеттің тек қана нормативтік актілерді шығарумен шектелмейтіндігімен түсіндіріледі. Экономикаға мемлекеттік араласуы нарықтың белгілі бір кемшіліктері мен кемістіктерінің бар болуынан келіп шығады. Нарықтық экономиканың негізгі кемшіліктерінен келесілерді атап айтуға болады: тұрақсыздық,тиімсіздік және теңсіздік.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin