• 20 сентября, 2024 9:30 дп

Активтерді басқарудың ашықтылығы – Мемлекет үшін өте маңызды!

Автор:admin

Авг 17, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біріккен ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында квазимемлекеттік секторды басқарудың тиімділігін арттыруға назар аудару керектігін және мемлекеттік активтерді басқарудың ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырды. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында мемлекет қатысатын компанияларды дамыту тиімділігін арттыру, атап айтқанда, мемлекеттің экономикаға тікелей қатысуының жоғары үлесінен жинақы және тиімді функциялы квазимемлекеттік секторға көшудің маңыздылығы атап өтілді. Бұдан әрі, аталған компанияларды бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, әрі портфельді басқару мәселесінде квазимемлекеттік сектордың тиімділігін бағалаудың жаңа моделін қарастыру қажет. Қазіргі уақытта Қазақстанда квазимемлекеттік секторда 6,5 мыңнан астам ұйым, сондай-ақ республикалық меншікте мемлекет қатысатын 150-ден астам акционерлік қоғам бар. Бұл көрсеткіш өте жоғары деп бағалауға болады және елдің жалпы экономикалық көрсеткіштеріне үлкен ықпалын тигізеді, осыған орай, осы ұйымдардың корпоративтік басқаруын қайта қарау қажеттілігі туындайды. Корпоративтік басқаруды жақсарту мемлекеттік кәсіпорындардың тиімділігі мен өнімділігін арттыруына ықпал етеді. Алайда, қазіргі таңда Қазақстандағы квазимемлекеттік сектордағы ұйымдардың корпоративтік басқару жүйесі өте саясаттандырылған процесс және басқару тұрғысынан ерекше қиындықтарға тап болады. Оларды тек мемлекеттік ұйымдарға арналған құралдарды пайдалану арқылы шешу мүмкін емес. Оған қоса, осы секторда экономикаға мемлекеттік қатысу критерийлері бойынша негіздеу жүйесінің болмауы, квазимемлекеттік сектордың жеке сектормен тең емес шарттармен бәсекелестігі, квазимемлекеттік сектордың ұйымдық-құқықтық нысанын қолдану кезінде нормалар мен қағидаттардың болмауы сияқты проблемалар бар. Сонымен қатар, меншік иесінің функциялары әртүрлі ведомстволар мен Үкімет арасында бытыраңқы және түсініксіз болып табылады, номиналды белгілері бар корпоративтік басқарудың «қол режимінде» болуы, осы факторлар елдің экономикалық дамуына теріс әсер етеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, квазимемлекеттік сектор елдің негізгі экономикалық тірегі болып табылады және мемлекеттік басқарудың маңызды саласын құрайды. Осыған орай, Қазақстан Республикасының тұрақты дамып келе жатқан экономикасы Үкімет қабылдап жатқан шаралар тәсілдерді өзгертуге және мемлекет активтерін басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіндей тиісті басымдықтарды әзірлеу және мемлекеттік активтерді басқару саясатын жетілдіру қажеттілігін айқындайды. Мұның бәрі жоба тақырыбының өзектілігін анықтайды.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin