• 19 сентября, 2024 11:50 пп

Оңтүстік Кореяның Ұлттық зейнетақы қызметі

Автор:admin

Сен 11, 2024

2024 жылдың 3-5 қыркүйек күндері аралығында«БЖЗҚ» АҚ өз кеңсесінде NPS зейнетақыоперацияларының атқарушы директоры Тэ Гю Джонгбастаған Корея Республикасы Ұлттық зейнетақықызметінің (бұдан әрі NPS) делегациясын қабылдады. Мақсат — зейнетақымен қамсыздандыру саласында тәжірибе алмасу және екі елдің зейнетақы жүйелерінің үлгілерін, сын-тегеуріндер мен өзекті мәселелерді және оларды шешудің ықтимал жолдарын, сондай-ақ,халықты зейнетақы жүйесімен барынша қамту бойынша өзара ынтымақтастық келешегін талқылау.

Кездесу барысында «БЖЗҚ» АҚ өкілдері Қазақстанның зейнетақы жүйесінің ағымдағы жай-күйі, оның құрылымы мен негізгі көрсеткіштері, демографиялық үрдістер, БЖЗҚ міндеттері, зейнетақы активтерін басқару үлгісі туралы баяндады. БЖЗҚ-ныңжаһандық трендтерге сүйене отырып, халыққа қашықтықтан көрсететін қызмет арналарына және цифрлық қызметтеріне ерекше назар аударылды.

Өз тарапынан Корея Республикасының Ұлттық зейнетақы қызметінің өкілдері (Халықаралық қатынастар орталығының директоры Хэ Джун Ким, салымшыларды/алушыларды қолдау басқармасының менеджері Со Хи Ким, халықаралық қатынастар орталығы директорының көмекшісі Чэ Юн Ким) осы елдегі әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламалары, Кореяның зейнетақы жүйесінің қалыптасуы мен дамуы, оған қатысу шарттары, халықты зейнетақы жүйесімен кеңінен қамту шаралары, халықпен өзара іс-қимыл құралдары, атап айтқанда, цифрлық қызметтер және жасанды интеллектті пайдалану, жеткен жетістіктері, сын-тегеуріндер мен жоспарлары туралы баяндап берді.

Кореяның зейнетақы жүйесіне шолу жасауға арналған кездесулердің біріне ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері де қатысты. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің жинақтаушы зейнетақы жүйесі басқармасының бастығы Бақыт Оспанова менәлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің базалық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының бастығы Бибінұр Әлімбековаларзейнетақы жүйесіне қатысу шарттары, зейнетақы тағайындау механизмі және т.б. мәселелерді талқылау және тәжірибе алмасуға белсене қатысты.

2024 жылғы 5 қыркүйекте Корея Республикасының Ұлттық зейнетақы қызметі мен «БЖЗҚ»АҚ арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Меморандум екі ұйымның болашақтағы өзара іс-қимылы үшін берік негіз болады және зейнетақы қорларының қызметіне байланысты мәселелер бойынша ынтымақтастық және тәжірибе алмасу мақсатында жасалды.  

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов Корея Республикасынан келген әріптестеріне мазмұнды таныстырылымдары, қойылған сұрақтарға берген жауаптары үшін алғысын білдіріп, семинар БЖЗҚ қызметкерлері үшін өте мазмұнды да пайдалы болғанын атап өтті. Ол сондай-ақ, қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандум аясында екі ұйым арасындағы өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасудың одан әрі жалғасын табатынына үміт артты.

Кездесу соңында NPS зейнетақы операцияларының атқарушы директоры Тэ Гю Джонг: «Әр жаңа кездесусайын екі елдің зейнетақы қорлары қызметкерлерінің қарым-қатынасы жаңа кезеңге өтеді. Біздің елдердің әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастығы одан әрі дами беретініне сенгім келеді»,- деп түйіндеді.

Автор: admin