• 22 ноября, 2024 1:37 дп

Шымкентте полицейлер ұрланған скутерді иесіне қайтарып берді

Қазақстан елімізде адам құқықтарын қорғау стандарттарын арттыру бойынша жоспарлы және жүйелі жұмыстар жүргізеді. Бұған адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша әмбебап халықаралық шарттарға қатысуымыз да дәлел бола алады. Жалпы, полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі зор. Десек те, полиция қызметкерлерінің қызметін бағалау критерийлері қайта қарауды қажет етеді. Бізге ІІМ реформалау тек идеялар мен ұсыныстар жиынтығы ғана емес екенін түсіну керек. Реформаның өзі Грузиядағыдай түбірімен өзгеріс немесе белгілі бір нүктелер ғана өзгеруі мүмкін дегенді білдіреді. Мәселен, Балтық елдері мен Грузиядағы полиция қызметін реформалау кезіндегі жолдары мен тәсілдері баршаға мәлім. Бұл реформалар шыны керек, оңайлықпен іске аспайды. Сондықтан, полиция болмысы қазақ ұлттық полициясына айналуы тиіс. Ол үшін, билеп-төстеуге бейімделген кеңестік милиция тұжырымына тоқтау салып, біржола жерінуіміз қажет. Өйткені, тарихты парақтап, парықтасақ, кеңестік милиция о баста құрылған кезде адамды, адам құқығын, Конституция мен заңды қорғау үшін құрылмағандығын түйсінесің. Олардың басты мақсаты саяси режимді қорғау, соған қарсы шыққандарды аяусыз жаншу, отарлау, күресу болатын. Сол себепті, қазақ полициясы отарлық милицияның ізімен емес, шындықтың жүзіне тік қарап, тәуелсіз елдің азаматтарының арман-мұраты мен мүддесінен туған, отаншыл институтқа айналуы қажет. Туыстықтан  көрі, турашылдықа бет бұрғаны абзал. Мұндай жүйенің әр бағытын біз жан-жақты талдап-талқылап, зерттеуіміз керек. Әйтпесе, полицияның, киімін өзгерткенімізбен пейілін өзгерте алмаймыз. Дегенмен Шымкентте полицейлер өз ісіне адал. Оған мысалы Көпқабатты үйдің ауласында тұрған мотокөлікті белгісіз тұлға түнгі уақытта ұрлаған. Қылмыс туралы скутердің иесі Абай ауданының полиция басқармасына хабарлады. Оған 300 мың теңге көлемінде шығын келтірілген. Тәртіп сақшылары іздестіру жұмыстарын ұрлық жасалған аумақта орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеруден бастады. Күдіктіні анықтағап, оның қозғалыс бағытын бақылады. Нәтижесінде қаскөй ұсталды. Ол бұрын соңды ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полиция қызметкерлері тұрғындарды ұрлықтың алдын алу үшін қырағы болуға шақырады және сигнализация мен күзетілетін тұрақты пайдалануды, мотокөлікті мүмкіндігінше бейнекамералар бар орындарда қалдыруды ұсынады.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin