• 25 ноября, 2024 11:29 дп

Отбасы- адам баласы үшін ең басты құндылық. Ал бұл сөз өрт сөндірушілер үшін екі есе маңызды, өйткені  өз өмірін игі іске-адамдарды құтқаруға арнаған олардың жақындары мен туыстарына көп уақыттары бола бермейді. Осы орайда «Отбасы күні» қарсаңында Шымкент қаласындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері отбасыларының арасында спорттық жарыс өткізілді. Бұл жарысқа төрт команда қатысты. Мұндай  байқаулар ешкімді  де бей-жай қалдыра алмады. Бұл тек қызықты  емес, сонымен қатар көңілді процесс болды. Бәрінен артық балалар уайымдады. Бұл жерде олардың  100 %-ға  тырысқанын атап өту керек. Барлық турлар сәтті өтті.  Алайда ең үздік көрсеткішті «Бірлік» командасы көрсетіп бірінші орынды, «Шұғыл топ» командасы екінші орынды, «Жалын» командасы үшінші орынды иеленді. Отбасылық спартакиаданың барлық қатысушылары медальдармен және   грамоталармен марапатталды.   Бұл іс-шарада ең маңыздысы орын алу емес, мерекелік атмосфера, ізгі ниет, өзара сыйластық пен түсіністік болды. Омсы орайда айта кетсек. Шымкентте бүгінде 9 өрт сөндіру бекеті бар. Көбіне өрттің 80 пайызға жуығы тұрғын үйлерде болады. Сосын автокөліктердің ақауы себебінен шығып жатады. Біздің мамандар мен қала әкімдігі қызметкерлері бірлесіп, тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеміз. Әкімдіктен қомақты қаржы бөлініп, телеарналардан арнайы бейнероликтер көрсетілуде. Жалпы, өрттің және улы газбен улану оқиғаларының алдын алу жұмыстары жалғасуда және үнемі бақылауда. Қамданған қапы қалмайды дейміз. Бұл ретте тұрғындарды әрдайым сақ болуға шақырамыз, Төтенше жағдай саласы – кез келген адам еңсере бермейтін, қызығы мен қиыншылығы көп сала. Бұл салада қызмет ететін мамандар да түрлі жаттығу мен дайындықтан өтіп қана келеді. Алапат өрт, жер сілкінісі, орман өрті, тіпті су тасқыны секілді айтып келмейтін апаттың кез келгенінде зардап шеккен қарапайым тұрғындарға ең алдымен көмек қолын созатын да осы төтенше жағдай қызметкерлері. Қандай жағдай болмасын адам өміріне дәрігелерден кейінгі жауапты маман десек артық айтпағандығымыз. Тіпті кейде медицина қызметкерінің де жұмысын атқарып жатады.  Төтеншеліктер үшін ең алдымен өзінің емес өзгенің өмірі бірінші орында. Сондықтанда бұл сала аса жауапкершілікті талап етеді.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin