Шымкент қалаcы ТЖД «Мемлекеттік тіл – менің мәртебем» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның алғы сөзі Департамент бастығының орынбасары подполковник Ж.Джабаевқа берілді. Қалалық тілдерді оқыту әдістемелік орталығының оқытушысы Абдуғаппарова Гүлшахар Өтебайқызы Қазақстан халқы тілдер күніне тұспа-тұс келген Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туылған күніне орай қазақ тіліне жасаған еңбек жолы туралы баяндама оқыды. Департамент қызметкерлерімен сұрақ-жауап түрінде қызықты сөз тартыс өтіп, Департаменттің жас буын қызметкерлерінің мемлекеттік тілге деген құрметі байқалды. Департамент тарапынан өзге ұлт өкілі бола тұра – мемлекеттік тіліміз қазақ тілі деп насихаттап жүретін Роман Александрович Письменский «Мемлекеттік тіл – менің мәртебем» тақырыбында баяндама оқып, өзінің мемлекеттік тілге деген құрметін тағы да дәлелдеді. Өз тіліңізді сүйе отырып, өзге тілге құрмет білдіріңіз. Мемлекетіміздің тілі — қазақ тілі болғандықтан, қазақ тіліне деген құрмет өте жоғары болуы керек. Іс-шара соңында әріптестер арасында қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерін ынталандыру мақсатында қазақтың ұлы жазушы, ағытушыларының туындылары табысталды. Тіл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Сондықтан әр халық өз тілінде мақтанып қана қоймай, оны дамытып, жұмыс жасауы керек. Себебі қазір әлемде жойылып кетуі мүмкін тілдер қатары бар. Бұл тілдер қолданыстан қалып, сөйлеуі мен өмір сүруін тоқтатқандар. Оған басты себеп сол ұлттың не халықтың жойылып кетуі тікелей себеп болады. Одан қала берді отарға тап болған елдердің де тілдері сол держава тіліне бағынып, өз өмір сүру салтын жоғалтады.
Тіл – ең ұлы қару. Тіл – ең асыл құндылық. Тіл – ең керемет қатынас құралы. Әлемдегі ең көп таралған тіл – ағылшын тілі. Себебі оның таралу және қолдану аймағы кең. Ал ең сұлу тіл деп француз тілін атайды. Дегенмен осы қатарға өзіміздің қазақ тілін де қосуға болады. Неге?
Қазақ тілі – әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл. Тек қолданатын халықтың саны аз демесеңіз, бұл тілдің құдіреті ерекше. Тіл өлсе, ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан сіз қай ұлттың өкілі болмаңыз, тіл үшін күресуге міндеттісіз. Сол тілде сөйлейтін соңғы адам болсаңыз да, тіліңіз жайында аманат қалдыруға, мұра қалдыруға тырысуыңыз керек. Себебі сіздің тілде жазылған құнды тарихи деректер, кейінгі ұрпақ үшін үлкен рөле ойнауы мүмкін.
Jsk ақпараттық агенттігі