• 22 ноября, 2024 6:39 дп

ШЫМКЕНТ: ЖЕКЕ БАСТАМАЛАР АРҚЫЛЫ 12 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылды жұмысшы мамандықтардың жылы деп жариялады. Бұл туралы ол өзінің жыл сайынғы Қазақстан Халқына арналған Жолдауында мәлімдеген болатын. Осы орайда Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева халықты жұмыспен қамту шараларына тарту барысын баяндады. Шаһарда жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында биыл 56 962 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты оған 32 300 адам қатысқан. Оның ішінде 26 482-і Шымкент қаласында іске асырылып отырған тұжырымдамалар, даму бағдарламасы және жеке кәсіпкерлердің бастамасымен құрылатын жаңа жұмыс орындары. Қалада іске асырылатын жобалар бойынша жұмыспен қамту жоспары екі бағытта іске асырылады. Біріншісі – 23 342 жұмыс орны азаматтардың жеке бастамасымен құрылады. Олар – жекеменшік бала бақшалар, спорт кешендері, дәріханалар, басқада қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер. Мұндай жұмыс орындарының есебі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі тарапынан жүргізіледі. Бұл ретте салық органдарына тіркелген жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар мен олардың есебі Мемлекеттік кірістер департаментінің арнайы ақпараттық жүйесінен алынады. Бүгінге дейін бұл бағытта 12 283 жұмыс орны құрылған. Екінші бағыт – 2024 жылға бес тұжырымдама және Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары шеңберінде 113 жобада 3 140 жаңа жұмыс орындары құрылып, азаматтардың жұмысқа орналасуы тиіс. Жыл басынан бері нақты құрылғаны 819 орын.

-Осы 3 140 жұмыс орнының басым бөлігі, яғни 69% ол білім саласындағы 12 «Жайлы мектеп» бойынша құрылатын 2 164 жұмыс орны. 12 «Жайлы мектептің» 2-і осы жылдың 16 қыркүйегі, 2 мектеп 30 қыркүйекте, 7 мектеп 31 қазанда және 1 мектеп 2025 жылдың 1 тоқсанында қолданысқа берілетіні жоспарланып отыр,- деді Жанат Өмірсейітқызы. Осыған орай, қолданысқа берілетін 11 мектепке жұмысқа қабылданатын азаматтар «Еңбек кз» порталы, яғни мансап орталығының жолдамасымен қабылданған жағдайда белгіленген көрсеткіш толық орындалады. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin