• 20 сентября, 2024 10:41 дп

ДҮНИЕЖҮЗЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ЫНТЫМАҚ ШАҒЫН АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Сен 20, 2024

 

Шымкент қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы бүгін дүниежүзлік тазалық күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралармен жалғасын тапты.
Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Ынтымақ шағын ауданында орналасқан әужайдың жаңа темминалының маңында тазалық іс-шарасы ұйымдастырылып, оған Шымкент қалалық «Жасыл ел» еңбек жасақтары, ерікті жастар мен тұрғындар белсенді түрде қатысты.
Іс-шараға қатысушылар шағын ауданындағы тұрғын үйлердің аулаларын ретке келтіріліп, күл-қоқыс пен қалдықтардан мұнтаздай етіп тазалап шықты.
Іс-шараға қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлықпан Бәшенов күнделікті өмірде тазалықты сақтау азаматтардың туған жерге, өз қаласына деген жанашырлығының көрсеткіші екенін айтты. Ол қала тұрғындарын, әсіресе, жастарды эконлогиялық мәдениетті сақтауға және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Автор: admin