• 20 сентября, 2024 11:26 дп

ШЫМКЕНТТЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ «ТАЗА ЖАҒАЛАУ» ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Автор:admin

Сен 20, 2024

 

Дүниежүзілік тазалық күніне орай бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы іс-шаралар Шымкент қаласы Еңбекші ауданында да жалғасын тауып жатыр. Атап айтқанда, бүгін «Орманшы» тұрғын алабында шағын «Таза жағалау» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Шымкент қаласының белсенді жастары, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының мүшелері мен тұрғындар шағын аудан аумағындағы аулаларды тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстан тазартып, қоршау, орындықтарды сырлап шықты. Аталған іс-шарадан кейін аулалардың өңі өзгеріп, айнала мұнтаздай таза болып шыға келді.
– Елімізде тыныштық пен тұрақтылық сақталып, халқымыздың әл-ауқаты да жақсарып келеді. Ендігі жерде біздің қоғамның экологиялық мәдениеті де өсуі тиіс.Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы, міне, осы мақсатты көздейді. Сол себепті өзімнің сүйікті қаламды таза ұстауға атсалысу – азаматтық борышым деп білемін, – дейді Еңбекші аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зұлпыхар Жәйшібеков.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеріп, жас ұрпақты қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйретуді көздейді.

Автор: admin