• 24 ноября, 2024 2:56 дп

АЭС – ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК КЕПІЛІ

Автор:admin

Сен 27, 2024

 

Негізі, қазіргі уақытта Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) соңғы мәліметтері бойынша әлемнің 31 елінде қуаты 373735 Мвт болатын 415 ядролық энергоблок жұмыс істеп тұр, одан басқа 15 елде қуаты 62637 Мвт болатын 57 реактор салынуда.
Ядролық энергетикалық қуаты жоғары елдердің қатарына АҚШ (94 реактор), Франция (56 реактор), Қытай (55 реактор), Ресей (36 реактор), Оңтүстік Корея (26 реактор), Канада (19 реактор) және Жапония (12 реактор) кіреді.
АЭС-тің пайдалы тұстарына тоқталайық:
-Атом энергетикасы бүгінгі таңда болжамды баға тұрғысынан үзіліссіз знергия өндірудің жалғыз көзі, сонымен қатар АЭС — «Жасыл энергияның» да негізі;
-Атом энергетикасы – ғылым мен білімнің дамуына ықпал ететін жоғары технологиялық сала;
-Атом энергетикасы – бұл экономика салаларының дамуын алға жылжытатын және елдің ішкі жалпы өніміне оң әсер ететін экономикалық өсімнің негізгі драйвері;
-Атом технологиясы күн, жел, гидроэнергетика және басқа да төмен көмірсутегі энергия көздерімен бірге болашақ энергия баламасының ғаламдық негізін құрайды.
Дұрыс пайдаланылған ядролық отын толығымен қауіпсіз. Сонымен қатар, мұндай пайдаланылған отынды жай ғана сақтауға болмайды, ол жаңа отын өндіру үшін құнды шикізат бола алады. Іс жүзінде қалдықтар – бұл арнайы жабдықталған қоймаларда соңғы мәрте оқшаулануға жататын пайдаланылған ядролық отынның кішкене бөлігі.

Сейдулла САДЫҚОВ — Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дің профессоры, филология ғылымдарының докторы.

Автор: admin