• 18 октября, 2024 10:26 пп

РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ УЧАСКЕЛЕРДЕ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ЖӘРМЕҢКЕЛЕРІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

Автор:admin

Окт 6, 2024

 

Түркістан қаласындағы №931 дауыс беру учаскесінде ұлттық қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, келушілерге мастер-класс өткізіліп жатыр. Жәрмеңкеде шеберлер ағаштан жасалған ұлттық аспаптар мен былғарыдан тігілген бұйымдарды тұрғындардың назарына ұсынды. Сондай-ақ, қыш-құмыралар мен картиналар көрмеге қойылды.

Айта кетейік, дауыс беру — азаматтардың тұрғылықты жері бойынша референдум учаскелерінде өтеді. Учаскелер 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Азаматтар жеке куәлігін не төлқұжатын көрсету арқылы дауыс бере алады.

Автор: admin