• 18 октября, 2024 12:19 пп

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР БІР АЙ БОЙЫ МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІП ЖАТЫР

Автор:admin

Окт 9, 2024

 

25-қазан Республика күні мерекесін атап өтуге байланысты Түркістан облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-ң ұйымдастыруымен 2-25 қазан күндері аралығында аудан-қалаларда арнайы іс-шаралар өтіп жатыр. Бұл туралы брифингте “Жастар ресурстық орталығы” КММ басшысының орынбасары Пердебек Есқұлов мәлімдеді.

«Түркістан облысында 25-қазан Республика күніне орай өткізілетін іс-шараларға өңірдегі барлық аудан-қалалалар атсалысуда. Атап айтар болсақ, 11 қазан күні жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында жас сарбаздар арасында «Біз жауынгер» атты сайыс өтеді. Сонымен қатар, 12 қазан күні Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» кешенінде облысы әкімінің жүлдесі үшін арнайы «Жайдарман» ойындары өтеді. Сондай-ақ, 21 қазан күні Төлеби мен Сайрам аудандарының жастар орталықтары өңірдің талантты жастарын көпшілікке таныту мақсатында «Асқақтай бер, туған жер» атты гала-концерт ұйымдастырады»-деп баяндады спикер.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin