• 18 октября, 2024 4:28 пп

БҰЛ – БАТЫЛДЫҚ ПЕН ЖЕДЕЛДІКТІ ТАЛАП ЕТЕТІН ІС

Автор:admin

Окт 3, 2024

Шымкенттік құтқарушылар қала аумағында болып жатқан оқыс оқиғалардың алдын алу шараларын жүйелендіріп, күн сайын тілсіз жаумен арпалысып, өрттен зардап шеккен жандарға көмектесуге асығатын білікті маман, көлікті тізгіндеп, тілсіз жаумен күресте ерлікке пара-пар еңбек етіп жүрген азаматтардың бірі — №5 өрт  сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің аға жүргізуші-қызметкері, азаматтық қорғау старшинасы Ерлан Мұханов. Ерлан Манатұлы 1991жылы 19 мамырда Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Таваксай селосында дүниеге келген. Ол 2012-2013 жылдары аралығында  Алматы облысы Отар әскери қалашығындағы № 30212 және Қапшағай қаласындағы № 32363 әскери бөлімдерде әскери борышын  өтеген. 2014  жылдын 12 мамырынан бастап Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «ӨСжАҚЖҚ» РММ қызмет атқарып келеді. Он жылдан астам уақытта бері азаматтық қорғау органында мүлтіксіз қызмет атқарып келе жатқан Ерлан Манатұлын әріптестері кәсіби біліктілігі жоғары, жауапкершілігі мен адамгершілік қаксиеттер мол азамат ретінде таниды. Құтқарушы — қауiптi, өмiрді тәуекелмен байланыстыратын мамандық. Түрлi табиғи және техногендiк апаттардан адамдарды құтқаруға бағытталған, адамгершiлікке толы, игі мамандық. Қай уақытта болсын, құтқарушы мамандығының мәртебесі биік. Өйткені олар адам өмірін құтқарумен айналысады. Су тасқыны, өрт, апаттар, тіпті қарапайым тұрмыстық мәселелерде ең біріншіден біз 112 нөмірін теріп, құтқарушылардың көмегін сұраймыз. Қиындыққа қарамастан, олар зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетеді. Лаулаған оттың ортасына кіреді, қансыраған адамды құтқарып, қатыгез қыстың аязында қалғандарға қол ұштарын созады. Бұл олардың жасайтын ерліктері. Алайда құтқарушылардың өздері бұл ауыр да абыройлы жұмыстарымен жар салып, мақтандайды.  Төтенше жағдай кезінде жұмыстың дұрыс үйлестірілуі және ұжымның ауызбіршілігі аса маңызды. Батыл мамандар елдің кез-келген жеріне жедел көмекке келуге дайын. Адам өміріне қауіп төнген уақытта еш кідіруге болмайды. Қарапайым құтқарушыдан мамандандырылған жасақ басшысының орынбасары лауазымына дейін көтеріліп, жас құтқарушыларды тәрбиелеп, оларды құтқару жұмысымен таныстырып, арнайы оқу-жаттығу жұмыстарының жобасын құрумен айналысатын құтқарушы, азаматтық қорғаныс өкілі болып саналады. Шымкенттік құтқарушаларға жұмыстарында сәттілік тілейміз.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin