• 18 октября, 2024 4:30 пп

Қысқы жылыту маусымына дайындық: жылу және қауіпсіздік шаралары

Автор:admin

Окт 3, 2024

Бүгін Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Э. Ережепованың қатысуымен «Жылыту маусымы» бойынша «Қысқы жылыту маусымына дайындық: жылу және қауіпсіздік шаралары» бойынша қабылданған іс-шаралар туралы баспасөз брифингі өтті.  Шымкент қаласы әкімінің орынбасарымен 2024-2025 жылдарға арналған жылу маусымы кезіндегі өрт профилактикалық жұмыстар жоспары бекітілді. Адамдардың уланудан алдын алу мақсатында күнделікті үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, жылыту маусымының басынан бастап, Департаментпен әлеуметтік желілерде 120, БАҚ 25 шығарылым жарияланып (10 басылым, 6 ТВ, 9 радио) шағын аудандар арасында 125 рет дауыс зорайтқыштар арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 7 мыңнан астам адамды қамтитын 3500 үй араланып, білім беру мекемелерінде 1000 оқушыны қамтитын 34 интерактивті сабақ өткізілді. Қала аумағында есепке алынған 2222 әлеуметтік жағдайы төмен отбасының барлығына 1 кезеңде үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, 3541 адамға қол қою арқылы жадынама парақшалары таратылды.  Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қайта аралау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Халықтың әлеуметтік осал топтағы отбасыларға 81-ден астам газ талдағыш орнатылды. Баспасөз брифингінде Эльмира Уалихановна жылыту кезеңін қауіпсіз өткізуге мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныстарды айтып өтті. Олар: жылыту маусымы басталар алдында және жылу беру маусымы барысында түтін құбырларын, түтін мұржаларын және жылыту пештері мен жүйелерінің басқа элементтерін күйеден кемінде үш айда бір рет тазалау; электр сымдарына тексеру жүргізу, тозған және уақытша схема бойынша жүргізілген электр сымдарын ауыстыру жөнінде шаралар қабылдау; электр желілерін шамадан тыс жүктемеу. Үй-жайды жылыту үшін қолдан жасалыңған стандартты емес электр жылыту құралдарын пайдаланбау; пештерді қатты қыздырмау, жанғыш материалдарды, кірлерді жанып жатқан пештің үстінде кептірмеу; аула аумағын құрғақ шөптен және жанғыш қоқыстардан тазарту, күл жинау үшін қауіпсіз орынды алдын ала анықтау; балаларды үйде ересектердің қарауынсыз қалдырмау. Өрт кезінде -101 нөміріне хабарласыңыз.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin