• 18 октября, 2024 4:23 пп

Азаматтық қорғау ардагері марапатталды

Автор:admin

Окт 4, 2024

Департамент қызметкерлері «Еңбек күні» мерекесі аясында өткізілген Бос орындар жәрмеңкесіне қатысты, жәрмеңке барысында қала тұрғындарына Азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу, М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына оқуға түсу ережелері түсіндірілді. Еңбек күніне арналған іс-шарада Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Асылов азаматтық қорғау органдарының ардагері Қ. Ибраимовқа «Еңбек ардагері»медалін табыс етті. Ол Шымкент қаласының тумасы. Өзін ешқашан құтқарушы боламын деп елестетіп көрмеген ол, бұл мамандық иесі атанғанына еш өкінбейді.

— Мен ешқашан құтқарушы боламын деп ойламадым. Бірақ бұл салаға мені өмірдің өзі әкелді. Мен өзімді абыройлы мамандық иесімін деп санаймын. Сондықтан жұмысыма еш өкінбеймін, — деп атап өтті Қ. Ибраимов 112 жедел құтқару нөміріне күндіз түні қоңыраулар түсіп жатады. Құтқарушылар болса, өздерінің міндеттерін орындауға әрқашан дайын отырады. Келіп түскен қоңыраудан кейін жедел түрде оқиға орнына аттанып, өздерінің міндеттерін атқарады.

— Күн сайын сан түрлі қоңыраулар келіп түседі. Мысалы, жабылып қалған пәтер есігін ашу үшін хабласады, өйткені үйдің ішінде кішкентай бала жалғыз қалып қояды. Қар көшкіні кезінде, зиянды заттармен уланған жағдайда тұрғындар біздің көмегімізге зәру. Құтқарушылар әрбір қысылтаяң сәттің артында адам және оның өмірі тұратынын біледі, — дейді шараға қатысушы құтқарушы Өркен Мұратұлы.

Кез келген адам құтқарушы бола алмайтыны анық. Бұл мамандықты тек таңдаулылар ғана атқара алады.

— Құтқарушы болу үшін жүрек керек. Өйткені біздің жұмыста ауыр да көтересін, төбеден жіппен де секіріп түсесін, қанды да көресін, өлімді де көресін, алғашқы көмек те көрсетесін. Сондықтан бұл жұмыс таза ер адамдардың жұмысы және оған ер мінезді адамдар ғана шыдай алады, — дейді құтқарушы.

Құтқарушы болу үшін арнайы талаптарға сай болып, қажетті талаптарды орындау қажет. Яғни, шыныққан денеден бөлек, оның жасы да маңызды. Құтқарушылардың жұмысы өте күрделі, көп қырлы және теориялық білім базасы мен әр нақты жағдайда жақсы танымал тәжірибелік әрекеттерді білуден тұратын кәсіби деңгейдің жоғары дәрежесін талап етеді. Сонымен қатар, бұл жұмыс аса қауіпті. Себебі ол кәсіби борышын өтегенде өліммен бетпе-бет қалатын сәттері көп болады. Көптеген құтқарушылардың зардап шеккен басқа адамдардың өмірін құтқару үшін өз өмірлерін де қиюға дейін баратынын ұмытпауымыз керек.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin