• 24 ноября, 2024 5:39 пп

Шымкентте ұландықтар жоғалған екі телефонды тұрғындарға қайтарып берді

Автор:admin

Окт 12, 2024

Шымкент жедел бригадасының ұландықтары қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет барысында екі азаматқа көшеде табылған ұялы телефондарды қайтарып берді.  Бірінші жағдай Туран ауданында болды. Сағат 18.20 шамасында әскери жасаққа азаматша өзінің жоғалған «Iphone 14» маркалы телефонын табуға көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінді. Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Нұркен Тұрсынбай мен патрульшілер Андрей Фризен мен Сағатбек Нұрбердиев жағдай туралы әскери жасақ бойынша кезекшіге баяндап, смартфон іздеуге кірісті. 20 минуттық іздеуден кейін әскери қызметшілер жоғалған телефонды тауып, иесіне қайтарды. Жарты сағаттан кейін Абай ауданында Ұлттық ұланның әскери жасағына осындай жағдайға тап болған тағы бір қыз өтініш білдірді. Іздеу іс-шараларының қорытындысы бойынша оған да жоғалған мүлкі қайтарылды. Екі жағдайда да қыздар Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне қырағы және адал қызмет атқарғаны үшін үлкен алғыстарын білдірді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету фактілерінің батыл түрде жолын кесу керектігін тапсырған болатын. Осы мақсатта Шымкенттік учаскелік полицейлерге өз міндеттерін мінсіз орындауда талап күшейтілген. Өкінішке қарай, отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары жиі орын алып отыр. Отбасындағы жанжалдан зәбір көре­тіндердің басым бөлігі – әйел­дер мен балалар. Биыл азаматтардың шағымдары бо­йынша 4 мыңдай қорғау нұс­қа­масы шығарылды. Қорғау нұс­қа­масын бұзғаны үшін 106 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Биыл 1 шілдеден бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы әрекеттерге өзгерістер енгізілуіне байланысты жауапкершілік қатаңдатылды. Тұр­мыс­тағы зомбылықтың кө­бі мас күйінде жасалады. Осы­ған бай­ланысты, спирттік ішім­­­дік­­тен мәжбүрлеп емдеу меке­ме­сіне 60 тұлға жолданды. Алко­голь­дік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін 6 032 адам әкім­шілік жауапкершілікке тартыл­ды. Өңіріміздің бірқатар елді меке­н­інде тұрғындар тарапынан ішім­дік­сіз ауыл сынды игі бастамалар қолға алынып, оң нәтиже беруде. Өздеріңізге мәлім, Президент Жолдауында заң және тәртіп, өзара түсіністік, тілектестік пен жауапкершілік бәрінен биік тұратын тиімді мемлекет болатынымыз, қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген арандатушылық әре­кетке қатаң тосқауыл қою қа­жет­­тігі айтылды. Яғни негізгі мақ­сатымыз – заңды қатаң сақ­тау, қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin