• 24 ноября, 2024 12:40 дп

Шымкентте ұландықтармен нашақорлықтың алдын алу бойынша кездесу өткізілді

Автор:admin

Окт 30, 2024

30 қазанда Шымкент қаласының психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологы Ербол Қойғабаров әскери полиция қызметінің офицерлерімен бірлесіп ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің жеке құрамымен профилактикалық бағыттағы кездесу өткізді.

Кездесу барысында әскери қызметшілерге есірткіні қолданудың салдары және оларды таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтылды. Нашақорлықтың алдын алуға және жастарды заңсыз қызметке тартудан қорғау шараларына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, әскери қызметшілерге есірткі құралдарын қолданғаны үшін, есірткінің адам денсаулығына әсері туралы, есірткі заттарын қолдану кезінде туындайтын проблемалар туралы қылмыстар мен есепте тұрған адамдар бойынша статистика жеткізілді.

— «Бұл профилактикалық іс-шараның маңызы зор, өйткені есірткі қолдану әскери қызметшілердің денсаулығы мен мінез-құлқына елеулі зардаптар әкелуі мүмкін. Әскери қызметшілерде тәртіп пен заңға құрмет қалыптастыру үшін осындай кездесулер өткізу жоспарлануда. Сондықтан әскери қызметшілер арасында осындай профилактикалық іс — шараларды өткізу өте маңызды», — деді бригаданың әскери полиция қызметінің аға офицері Ринат Оштаев.

Кездесуге 150-ден астам әскери қызметші қатысты, олар есірткінің зияны және олардың таралуын болдырмау шаралары туралы құнды ақпарат алды.

Автор: admin