• 25 ноября, 2024 6:15 дп

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ЖАҢА ГҮЛЗАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Автор:admin

Ноя 12, 2024

 

Бүгін қоғамдық ортақ пайдалану орындарын қалыптастыру мақсатында С.Жандосов және Жібек жолы көшелерінің қиылысында 0,2 га құрайтын аумақта су жаңа гүлзардың ашылуы өтті. Серуендеу орнында ескі субұрқақ пен көпір күрделі жөндеуден өтіп, канал аумағы толық қоршалды. Заманауи үлгідегі 8 дана орындық, 5 дана қоқыс жәшігі, әткеншектері бар 4 бастырма, 1 үстел теннисі, 4 вазон мен 6 декоративті тас орнатылды.

Сонымен қатар, гүлзарда шынар, гуджу тал көшеттері және көпжылдық гүлдер отырғызылып, 819 шаршы метр аумақ көгалдандырылды. Мұнда қала тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру үшін тегін автотұрақ салынып, 764 шаршы метр аяқжол төселді. Аталған аумақта халық саны тығыз орналасқан. Жалпы 15 көпқабатты тұрғын үй, 2700 ден аса тұрғын бар.

Автор: admin