• 21 ноября, 2024 9:09 дп

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Автор:admin

Ноя 18, 2024

 

📢21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі.

📣Тексеру барысында:
— Сиреналар іске қосылады;
— Телерадиоарналардың хабарлары уақытша тоқтатылады;
— Ұялы қосымшалар арқылы хабарламалар жіберіледі.

📢»Баршаңыздың назарына!!!» дыбыстық сигналы – бұл ескерту сигналы, ол халықтың назарын аудару үшін беріледі және төтенше жағдайлар немесе олардың қаупі туралы ақпаратты жеткізуге арналған.

❗️Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сабырлық сақтауға шақырады. Бұл – тексеру мақсатында берілетін “оқу-жаттығу сигналы” екенін ескертеміз.

Автор: admin