Шымкент қаласында прокуратура, полиция, әкімдік және коммуналдық мекемелер «Таза Қазақстан» акциясы мен «Нөлдік төзімділік» қағидасына сай қала тазалығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында біргелікте жұмыс атқару үшін меморандумға келді. Бұл келісім шаһарымыз үшін өте тиімді. Бірлесе істеген жұмыстардың нәтижиесіде өте жемісті болатыны сөзсіз. Бұдан былай құқық қорғау органы мен коммуналдық қызметшілер күшін жұмылдырып, бірлесе жұмыстар атқаратын болады. Орган қызметкерлері әкімдіктің қызметкерлерімен бірлесе қала тазалығына көңіл бөліп, шаһарымыздың тәртіптік және құқықтық тұрғыдан өз ара белсенді болуға алып келеді. Яғни, коммуналдық қызметшілер кез-келген құқық бұзушылықтар бойынша ақпарат берсе, ал полиция мен прокуратура тиісті заңды шешім қабылдап, алдын алу шараларын қабылдайды.Осылайша тиімді диалог орнап, тәртіптік шаралардың құқықтық негіздемесіне сүйенуге болады. Яғни қаламызды ластау, белгіленбеген жерлерде қоқыстарды төгу оқиғалары орын алған жағдайда әкімдік құқық қорғау органдарына хаттама негізінде арыз тастап, заңды шешімін ала-алатын болады. Бұл үдеріс өз кезегінде Шымкенттің тазалығына, тәртібімен көркеюіне жол ашады. Айта кетейік бұл акция еліміз бойынша ортақ Отанымызды абаттандыру және көгалдандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бір реттік науқан емес, жалпыұлттық міндет. Мұндай жұмыс үнемі жүргізілуі керек. Осы орайда жергілікті билік бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орната білуі тиіс. Біз Қазақстанға қамқорлық жасауымыз керек-бұл өмір салтына айналуы тиіс. Бүкіл Қазақстан таза болуы керек, бұл бізге және жастарға байланысты. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы өңірлерде өз деңгейінде орындалуы үшін құқық қорғау органдарыда шет қалмай, өз үлестерін қосса құппа-құп болатын дүние. Бұл бастама қаламызды таза ұстауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға тиімді мүмкіндік береді. Таза Қазақстан мен Қауіпсіз қоғамды бірге қалыптастырайық. Бізбен бірге болыңыздар!
Jsk ақпараттық агенттігі