Шымкент қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының радиациялық химиялық бөлімшесінің бас құтқарушысы Үсен Аятханұлы Рахматуллаев. Ол азаматтық қорғау органында 2014 жылдан бері қызмет атқарады. Жалпы еңбек өтілі 10 жыл. Оңтүстік Қазақстан облысының «ҚР «Альпинизм және спорттық құзға шығу» федерациясының альпинистерінің қатарында шыңдарды бағындыру бойынша 3-санат дәрежесін орындаған, 2-сыныпты құтқарушы және 1-2 сүңгуір тобының 3-сыныпты сүңгуірі. Қызмет атқару барысында күнделікті авариялық-құтқару жұмыстарынан бөлек, он шақты ірі көлемді төтенше жағдайларды жою кезінде 12 адамды құтқару жұмыстарына 100-ден аса адамды төтенше жағдай орын алған аумақтан қауіпсіз жерге шығару жұмыстарына қатысқан. Бұл еңбегі үшін де талай алғыс хаттар мен медальдармен марапатталған.
2014-2019 жылдары құтқарушы Ү.А.Рахматуллаев Түркістан облысы Бәйдібек ауданына қардың көп мөлшерде түсуінің нәтижесінде қар басып қалған таулы аумақтарда, өзендерде және жол апаты салдарынан жарақат алған азаматтарға, жергілікті тұрғындарға алғашқы көмек көрсету және құтқару жұмыстарына, Республикалық жарыстар мен фестивальдердің өткізілуі кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларына белсенді қатысқан. 2020 жылы 15 маусымда 10 адамнан тұратын топ, оның ішінде 9 жасөспірім Түркістан облысы Төлеби ауданы «Біркөлік» демалыс аймағына тау етегіне демалысқа келген. Түнгі уақытта 3 жасөспірім жоғалып кетіп, топты басқарған мұғалім көмек сұраған. Құтқару жасағынан шұғыл түрде автокөлікпен 6 қызметкерден тұратын топ альпинистік құрал-саймандарымен шықты. Шақыру орнына жеткен соң дереу іздеу-құтқару жұмыстары басталды.2020 жылдың 16 маусымында Ү.А. Рахматуллаев теңіз деңгейінен 2400 метр биіктікте өз өміріне қауіп төндіре отырып альпинистік құралдарды пайдаланып, 15 сағат 40 минутта жоғалған 2 жасөспірімді тапты және ата-аналарына тапсырылды. Өкінішке орай іздестіру жұмыстары барысында шың басынан құзға құлаған үшінші жоғалған жасөспірімнің мәйіті табылды. Жасөспірім мәйіті альпинистік құрал-саймандарды пайдалана отырып қиын әрі қатерлі жолдармен төменге түсіріліп, полиция қызметкерлеріне берілді.
2019 жылы сәуір айында, қалың жауған қар еріп, Нұрсұлтан қаласындағы Нұра өзенінің бойындағы елді-мекендерді су алды. Оқиға орнына келіп, сәтті жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстарының арқасында, көптеген үйлер мен тұрғындарды аман алып қалды. Құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Ү.А. Рахматуллаевтың кәсіби шеберлігі арқасында 2 адам құтқарылды. Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары аумағындағы төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде адамдарды іздестіру мен эвакуациялауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды құтқаруға белсене қатысты.
2016, 2016, 2017, 2021, 2022 жылдары ҚР ІІМ ТЖК құтқару бөлімшелерінің арасында өтетін «Қазқұтқару» халықаралық жиын-семинарына қатысатын команданың құрамында болды.
2015 жылы өткен жиын-семинар барысында эстафетадан 1 орынды және күштік жаттығулар кешінде 2 орынды алды, сонымен қатар жалпы командалық есеп бойынша, табиғи орта жағдайында іздестіру-құтқару жұмыстары дистанциясында 3 орынды, акваториядағы іздестіру-құтқару жұмыстары дистанциясында 3 орынды иеленді.
2021 жылы Халықаралық Қазқұтқару көп сайысында Таудағы жарыс бөлімінде төреші болды.
2015 ж Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Биіктігі 4100 метр «Тәуелсіздік» шыңын бағындырғаны үшін ОҚО әкімдігі Е Айтахановтың алғыс хаттармен марапаттады.
2016 ж «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» орай Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға белсенді қатысқаны және ҚР тыныс тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы табыстары үшін Құрмет грамотасымен ОҚО ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н. Дербисов марапаттады
Еткен еңбегі үшін 2018 жылы 3 дәрежелі «Құтқарушы», 2020 жылы 1 дәрежелі «Құтқарушы» төс белгісімен марапатталған.
Jsk ақпараттық агенттігі