• 22 ноября, 2024 11:35 пп

Шымкентте Ұлттық ұланның әскери бөлімінде қорытынды тексеріс басталды

Автор:admin

Ноя 7, 2024

Әскеріміз болмаса ел күш-қуатынан, күш-қуатымыз жоғалса – Отанымыздан, азаттығымыздан айырыламыз. Бұл айрықша назарда тұратын басты мәселе. Қорғаныс министрлігі әскер қатарына алынатын жастарды ынталандыру, оларға әлеуметтік жағдай жасау бойынша бастамаларды жүзеге асыруда.
Отан алдындағы парыздарын өткергеннен кейін жоғары оқу орындарына емтихансыз және Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырмай білім гранты иегері атану мүмкіншілігі қарастырылған. Бұл бағытта ҚР Қорғаныс министрі мен жоғары оқу орындарымен өзара келісім жасалды. Атап айтқанда, биылғы жылы Қорғаныс министрлігімен – мерзімді әскери қызметін өткерген 1500 сарбазға жоғары оқу орнына құжат тапсыру үшін сертификаттар берілді. Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі екінші деңгейлі банктермен әскери борышын өтеп жүргендерге «несиелік демалыс» беру мәселесі қарастырылып, шешімін тауып отыр. Яғни бұл дегеніміз – сарбаздардың әскери қызметін өткеру барысында олардың несиелері тоқтатылады. Осы орайда 11 қарашада ҚР Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Павел Ситниковтың басшылығымен 2024 жылғы күзгі оқу кезеңінің қорытынды тексерісі басталды.  Бірнеше күн ішінде әскери қызметшілер саптық, мемлекеттік-құқықтық, арнайы, атыс және дене шынықтыру даярлықтары бойынша сынақтар тапсыратын болады. Сонымен қатар, олар жалпыәскери жарғылар мен РХБ қорғаныс пәндерінен білімдері мен дағдыларын көрсетеді. Әрбір әскери қызметші тек теорияда ғана емес, практикада да бағаланады. Бірінші күн саптық бақылаудан басталды, оның барысында өңірлік қолбасшылық комиссиясы әскери қызметшілердің киім үлгісін, құжаттары мен жабдықтарын тексерді. Саптық байқаудан кейін әскери қызметшілер саптық дайындық бойынша сынақтарды тапсыруға кірісті. Олар саптық қабылдауларды қозғалыста, орында және қарумен орындады.  Сондай-ақ, тексеріс барысында «Ақтас» оқу орталығының базасында әскери қызметшілер штаттық қару — Макаров тапаншасы мен Калашников автоматын меңгеру дағдыларын көрсетті.

— «Қорытынды тексеріс аясындағы жоғары нәтижелер әскери қызметшілерге сыныптық біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан әркім жоғары баға алуға ұмтылады, осылайша бүкіл әскери бөлімнің жалпы қорытынды бағасына өз үлесін қосады»,- деді полковник Павел Ситников. Тексеріс қорытындылаумен аяқталады. Әрбір әскери қызметші мен бөлімше өздерінің дайындық деңгейіне сәйкес тиісті баға алатын болады.  Айта кету керек, әскери қызметшілер жылына екі рет қорытынды тексерістен өтеді, оның негізгі мақсаты жауынгерлік әзірліктің нақты жай-күйін және жеке құрамның дайындық деңгейін анықтау болып табылады.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin