• 22 ноября, 2024 5:39 пп

Шымкентте ұландықтар қорытынды тексерісті аяқтады

Автор:admin

Ноя 8, 2024

Әр мемлекеттің өз шекарасын және тыныштығын қорғайтын кәсіби, білікті әскері болу керек. Ол үшін әрбір азамат өз елінің патриоты болуы қажет. Сондықтан Қазақстан Қарулы Күштері қатарын денсаулығы мықты, шымыр, шыңдалған, отаншылдық рухта тәрбиеленген жастармен толықтыруымызға және олардың намысты да ержүрек болып өсуіне, қиындыққа бой бермейтін жоғары рухта тәрбиеленуіне аса мән беруіміз қажет. Біздің алдымызда бабалар дәстүрін сақтайтын, өз елінің патриоттары болатын нағыз елжанды ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. Кешегі Ұлы Отан соғысында өз ерліктерімен танылған жерлестеріміз Бауыржан Момышұлы, пулеметті өз денесімен жапқан Ағаділ Суханбаев және Николай Белашовтардың ерліктерін Шымкенттік жастар ұмытпақ емес. Осы орайда ҚР Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде 2024 жылғы жазғы оқу кезеңінің қорытынды тексерісі аяқталды. Іс-шара 11-16 қараша аралығында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Павел Ситниковтың басшылығымен өтті.  Бір апта ішінде әскери қызметшілер саптық, мемлекеттік-құқықтық, арнайы, атыс және дене шынықтыру дайындықтары бойынша сынақтар тапсырды. Сондай-ақ олар жалпыәскери жарғылар мен қорғаныс РХБ пәндерінен білімдерін көрсетті. Теориялық білім де, практикалық дағдылар да тексерілді. Әскери қызметшілер атыс дайындығынан нормативтерді Шымкент қаласының «Ақтас» оқу орталығында тапсырды. Онда әскери қызметшілердің штаттық қаруды Макаров тапаншасы мен Калашников автоматын игеру бойынша кәсіби дағдылары тексерілді.  Атыс дайындығынан 3 жедел мақсаттағы батальонның әскери қызметшілерінің бірі ефрейтор Мақсат Байбатыров ерекше назар аударды, ол Калашников автоматынан ату кезінде 100-ден 99 ұпай жинады. Мұндай жоғары нәтиже әскери қызметшінің шеберлігін ғана емес, сонымен қатар командирлер белсенді жүргізетін жаттығу процесінің тиімділігін де көрсетеді.  Тексеру қорытындылаумен аяқталды. Өңірлік қолбасшылық комиссиясы қорытынды тексерудің сәтті аяқталуы жеке құрамның даярлығының жоғары деңгейін және қойылған міндеттерді орындауға дайындығын айғақтайтынын атап өтті. Қорытынды тексерістің басты мақсаты жауынгерлік дайындықтың нақты жай-күйін және жеке құрамның дайындық деңгейін анықтау болып табылатынын атап өткен жөн. Оның нәтижелері бойынша әскери қызметшілер өздерінің сыныптық біліктілігін арттырады, ол үшін ақшалай жәрдемақы төленеді.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin