• 22 ноября, 2024 1:22 пп

Шымкент қаласы: «Жылыту маусымы» бойынша қауіпсіздік шаралары бекітілді

Автор:admin

Ноя 11, 2024

Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Э. Ережепованың қатысуымен «Жылыту маусымы» бойынша «Қысқы жылыту маусымына дайындық: жылу және қауіпсіздік шаралары» бойынша қабылданған іс-шаралар туралы баспасөз брифингі өтті.  Шымкент қаласы әкімінің орынбасарымен        2024-2025 жылдарға арналған жылу маусымы кезіндегі өрт профилактикалық жұмыстар жоспары бекітілді.  Адамдардың уланудан алдын алу мақсатында күнделікті үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, жылыту маусымының басынан бастап, Департаментпен  әлеуметтік желілерде 120, БАҚ 25 шығарылым жарияланып (10 басылым, 6 ТВ, 9 радио) шағын аудандар арасында 125 рет дауыс зорайтқыштар арқылы түсіндірме жүргізілді. 7 мыңнан астам адамды қамтитын 3500 үй араланып, білім беру мекемелерінде 1000 оқушыны қамтитын 34 интерактивті сабақ өткізілді. Қала аумағында есепке алынған 2222 әлеуметтік жағдайы төмен отбасының барлығына 1 кезеңде үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, 3541 адамға қол қою арқылы жадынама парақшалары таратылды.  Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қайта аралау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік осал топтағы отбасылардың 81 үйге газанықтағыш құрылғылары қойылды. Эльмира Уалихановна жылыту кезеңін қауіпсіз өткізуге мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныстарды айтып өтті. Олар:

  • жылыту маусымы басталар алдында және жылу беру маусымы барысында түтін құбырларын, түтін мұржаларын және жылыту пештері мен жүйелерінің басқа элементтерін күйеден кемінде үш айда бір рет тазалау;
  • электр сымдарына тексеру жүргізу, тозған және уақытша схема бойынша жүргізілген электр сымдарын ауыстыру жөнінде шаралар қабылдау;
  • электр желілерін шамадан тыс жүктемеу. Үй-жайды жылыту үшін қолдан жасалыңған стандартты емес электр жылыту құралдарын пайдаланбау;
  • пештерді қатты қыздырмау, жанғыш материалдарды, кірлерді жанып жатқан пештің үстінде кептірмеу;
  • аула аумағын құрғақ шөптен және жанғыш қоқыстардан тазарту, күл жинау үшін қауіпсіз орынды алдын ала анықтау;
  • балаларды үйде ересектердің қарауынсыз қалдырмау.

Өрт кезінде -101 нөміріне хабарласыңыз

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin