Шымкент қаласында «Зияткер ұлт» жобасы аясында 2024 жылдың қараша айында өткен шахматтан “Ойлы болсаң, озып көр” атты қалалық турнирі үлкен қызығушылық пен тартысты бәсекеге айналды. Бұл зияткерлік жарыс үш топ бойынша ұйымдастырылып, жастардан бастап ардагерлер мен ересектерге дейін барлығы өз шеберліктерін көрсетті.
Турнир Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-тың қолдауымен ұйымдастырылды. Жарысқа қатысушылардың барлығы жоғары деңгейде дайындықпен келгендігін көрсетіп, үлкен жеңістерге жетті.
Оқушылар арасында өткізілген жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Бас жүлде 500 000 теңгені иеленген Жұмабек Нұрасылға бұйырды. І орын 400 000 теңгелік сыйлықпен Тілекқабыл Айбекке берілді, ал ІІ орын 300 000 теңге сыйлықпен Өскенбай Әлішерге, ІІІ орын 200 000 теңге сыйлықпен Абдумәлік Бексұлтанға табысталды.
Ардагерлер арасында жарыстың жеңімпазы 500 000 теңге сыйлықпен Жандарбеков Нұрлан болды. І орын 400 000 теңгелік сыйлықпен Жапбасбаев Ғабитке бұйырса, ІІ орын 300 000 теңге сыйлықпен Джағанов Сейіджанға, ІІІ орын 200 000 теңге сыйлықпен Бектаев Нұржанға табысталды.
Ересектер арасында жарыс нәтижесінде Әбілхатр Әбілмансұр 500 000 теңге сыйлықпен Бас жүлдеге ие болды. І орын 400 000 теңге сыйлықпен Өтепберген Бахтиярға, ІІ орын 300 000 теңге сыйлықпен Султанбек Зейнепке, ІІІ орын 200 000 теңге сыйлықпен Бигабылов Жубанға берілді.Сондай-ақ, шахматтың тек ойын ғана емес, ойлау қабілеті мен табандылықты талап ететін зияткерлік спорт екендігін дәлелдеді. Барлық жеңімпаздарды және қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жарыс Шымкент қаласының шахматқа деген қызығушылығының артқанын және жастардың интеллектуалдық дамуына бағытталған маңызды қадам екенін көрсетті. Алдағы уақытта да осындай зияткерлік жарыстардың өтуі қала жастарының арасында сауатты, өркениетті қоғамды қалыптастыруға ықпал ететін болады.
Айта кетейік, жоба Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасы тапсырымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.