• 26 декабря, 2024 6:10 пп

Кенді Кентауда атқарылған жұмыстар аз емес

Автор:admin

Ноя 28, 2024

     Кентау- өнеркәсібі дамыған қала. Кентау – Қазақстандағы машина жасау, металл өңдеу және тау-кен өнеркәсібі орталықтарының бірі. Қала халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Кентау қаласының 2024 жылдың 1 қазандағы жағдайға қалалық бюджет кіріс бөлігі жоспары 20,6 млрд. теңге,   нақты 20,7 млрд. теңге немесе 100,4% орындалды. 2024 жылы Кентау қаласына бекітілген инвестиция көлемі 50 млрд. теңгені құрайды.  Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 2024 жылдың 9айында  17,2 млрд теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 43,5 пайызды құрады. Шаһардың өнеркәсіп саласы 37,1 млрд теңгені құрап, өндірілген өнімнің көлемі 103,1% құрады.

    Ауыл  шаруашылығы  саласында да оң өзгерістер байқалады. Жалпы  өнім  көлемнің қорытындысымен  9,1 млрд.тг,  нақты көлем индексі 106,0%  құрады. Оның ішінде: егін шаруашылығы – 5,8 млрд.теңге, НКИ 100,7%, мал шаруашылығы 3,1 млрд. теңге НКИ 117,8%. Қаланың бүгінгі даму көрсеткіштері. Кентауда 2018-2025 жылдары өнеркәсіп саласында жобалық құны 55,5 млрд. долл. США. теңгені құрайтын 9 инвестициялық работы иске асыру көзделген. 2018 жылы шағын және орта бизнес саласында 760,0 млн. теңгеге 151 жоба қаржыландырылып, 265 адам жұмыспен қамтылып отыр.Сонымен қатар, туризм саласын дамыту бойынша 2018-2025 жылдар аралығында демалыс орталықтарын ашып, туристік маршруты дамыту бойынша жұмыстар атқарылмақ.

  Елімізде 27 моноқала бар. Соның бірі Кентау. Кезінде кенді қаланың экономикалық қозғаушы күші тек кенорындары ғана болса, бүгінде уақыт талабына сай өзге де бағытта дамыту қолға алынған. Қазіргі таңда, мұнда 70 мыңдай халық тұрады. Одан бөлек, қалағақарасты 4 ауылдық округ бар.

   Кентау білім жағынан Кеңес дәуірінен бері алдыңғы қатарда болып келгенін білесіздер. Қазір де облыс бойынша алдыңғы орындардан табылып жүр. Бұл бірінші жағы, екіншіден Кентау қаласы кезінде кәсіпорындарымен аты дүркіреді. Әлі күнге дейін елімізге танымал кеншілердің көбі Кентау қаласынан шығады. Кентаудың дамуы ешқашан кенжелеп қалмақ емес.

Автор: admin