Шырайлы шаһар мектептерді шаруашылық жүргізу құқығындағы мекемелер аясына топтастырып, мектептердің ұсақ-түйек жабдықтарын материалдық қамтамасыз етуге назар аударып келеді. Үшінші шаһар мектептерді олардың қажеттіліктеріне сәйкес мемлекеттік мекеме нысанынан шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын нысанына қайта ұйымдастырудың артықшалақтары: (ШЖҚ-ПХВ)
- жалақы жүйесі мен барлық үстемақы төлемі жергілікті бюджеттен және мақсатты ағымдағы Республикалық трансферттен бөлінеді (оқытушыларға),
- Сыйақылар мен басқа да сыйақы жүйесін өзі белгілейді, бекітеді.
3.Материалдық -техникалық базаның жабдықталуы мектептің қажеттіліктеріне сәйкес еркін жоспарлай алу мүмкіндігіне ие болады;
- Қаражатты ай сайын және тоқсан сайын игерудің міндетті қажеттілігі жоқ;
5.Игерілмеген қаражаттың мектеп қорында қалады;
- Білім басқармасымен жасалған келісім шарттарға сәйкес уақтылы қаржыландыру жүзеге асады;
7.Барлық міндеттемелер мен төлемдер қаражаты екінші деңгейдігі банк қызметтерімен жедел түрде жұмыс жасайды;
- Банк қызметінің тікелей мекеме (яғни, мектеп) жұмысына тәуелді болуы, кез-келген аударылым, төлем, кедергісіз уақтылы жүзеге асады;
- Ақылы курстардың болуы, ақылы қызмет көрсету құнын мекеменің белгілуі (ата-ана, қамқоршылық кеңес мүшелерімен бірлесе);
10.Мектептің бос аумағын жалға беру мүмкіндігі, түскен қаражат мектеп қорында қалуы;
- Уақытша бос қаражатты депозиттік шотқа салып қаражатты үлкейту мүмкіндігі;
- Проблемалық жеткізушілерге салынған айыппұлдың мектеп қорына түсуі;
13.Әкімшілік штаттық кестесін Білім басқармасы бекітеді (негізі, құзыретті ұйым бекіту керек);
14.Жетістігіне қарай ынталандыру мақсатында қаржылай сыйыақу беру мүмкіндігі;
15.Қиын өмірлік жағдайға тап болған қызметкерлерге мектеп тарапынан қаржылай көмек беру мүмкіндігі; (үй өрттенуі, жақын туыстарының қайтыс болуы т.б);
16.Оқушы сұранысы бойынша ақылы қызмет түрін пайдалану мүмкіндігі;
17.Басқа қалаларда, мемлекеттерде ұйымдастырылған олимпиада, жарыстар, ғылыми жобалар және т.б., іс шараларға қатысу үшін іссапарға мектеп қаражатынан жіберу мүмкіндігі;
18.Жетістігі үшін оқушына ақылы қызмет тарапынан түскен қаражаттан ынталантыру мүмкіндігі (тауар түрінде);
Jsk ақпарат