• 8 января, 2025 8:21 пп

Криптовалюта арқылы ақшаны заңдастыратын құрылымдарды жою

Автор:admin

Янв 6, 2025

Соңғы жылдары қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастырусхемаларында заңсызкриптоайырбастаушылар маңызды рөлатқарады, олар криптовалютаны фиаттықвалюталарға және керісінше конвертациялауғамүмкіндік береді.

Мұндай құрылымдар өз клиенттерінсәйкестендірмейді және күдікті операциялардыанықтамайды. Сондықтан, олардыңқызметтерін көбіне кибералаяқтар мен есірткізаттарын өткізушілер пайдаланады.

2024 жылы жалпы айналымы 60 млрд теңгені құрайтын 36 заңсыз крипто айырбастаупункті жойылды. 4,8 млн USDT (шамамен 2,5 млрд теңге) сомасына активтер бұғатталып, тәркіленді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Мәдениетжәне ақпарат министрлігімен бірлесіп жүргізген жұмыс нәтижесінде 3,5 мыңнан астам заңсызонлайн криптоайырбастау қызметі бұғатталды.

Инвестициялар тарту үшін криптовалютаныпайдаланған екі қаржылық пирамида әшкереленді. 545 мың USDT қайтарылдыжәне 120 мың USDT бұғатталды.

Қаржылық мониторинг агенттігікриптотранзакцияларға бақылауды күшейтужәне олардың қылмыстық мақсаттардақолданылуына қарсы күрес жүргізуде халықаралық әріптестермен жұмысты жалғастыруда.

Ақша жымқыру саласындағы бұзушылықтар үшін цифрлық активтерпровайдерлеріне жауапкершілік жүктейтін заңнамалық түзетулер әзірленді.

Қаржы ұйымдарындағы криптовалюта операцияларын тексеру күшейтілді.

Қаржылық мониторинг агенттігіқылмыстық схемаларға қарсы күресу мақсатында қаржылық операцияларғатиімді бақылау құралдарын жетілдірудіжалғастыратын  болады.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Автор: admin