• 26 февраля, 2025 10:55 дп

Шымкентте 900 мыңнан астам адам МӘМС жүйесінде қамтылған

Автор:admin

Фев 25, 2025

 

Шымкентте бүгінгі таңда 924 803 азамат, яғни халықтың 73,6 пайызы сақтандырылған. Оның ішінде жеңілдік санатындағы 700 мыңнан астам адамның жарнасын мемлекет төлеуде. 331 460 азамат сақтандырылмаған.

-Қордың басты мақсаты халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамту. Дегенмен, бүгінгі таңда МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған әлеуметтік осал топты азаматтардың жағдайы ерекше назарда,-деді журналистерге арналған брифингте азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қамтылуы туралы баяндаған Қор филиалының бөлім басшысы Ахмет Беден.

Айта кету қажет, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бұл – әлеуметтік жүйе. Жинақтаушы болып саналмайды. Сақтандырылған әр азамат керек кезде төлейтін жарна төлеміне қарамастан, барлық медициналық көмекті алуға құқылы. Қарапайым дәрігерлік кеңестен бастап, жоғары технологиялық көмек, узи, қымбат бағалы КТ,МРТ сынды медициналық көмекті ала алады.

МӘМС жүйесіндегі мәртебені 1414 бірыңғай байланыс орталығының номері бойынша; msqory.kz сайтында; Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы арқылы; Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы; eGov.kz-тегі жеке кабинетте; Damumed медициналық ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетте; Kaspi.kz, Halyk және BCC.kz мобильдік қосымшаларында тексеруге болады.

#әмсқшымкент#мәмсшымкент

Автор: admin