• 4 марта, 2025 3:17 пп

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫ БЕРІЛДІ

Автор:admin

Мар 4, 2025

 

2025 жылғы 16 қаңтардан бастап тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау басталды. Ақпан айының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 47,9 миллион теңгенің тұрғын үй сертификаттары 51 азаматқа табысталды.

Тұрғын үй сертификаттарына ие болған азаматтардың санаттары:
• I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар – 10
• Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар – 9
• Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 5
• Көпбалалы отбасылар – 16
• Толық емес отбасылар – 8
• Бюджеттік мекеме қызметкерлері – 3

Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10%-ы, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде қайтарымсыз негізде беріледі. Сертификат I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларына, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған, 29 жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар мен көпбалалы, толық емес отбасыларына және Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлеріне беріледі.

Өтініштер http://kezekte.kz интернет ресурсы арқылы қабылданады, электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет.

Биыл 500,0 млн. теңгеге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарлануда. Жыл басынан бері 103 азаматқа тұрғын үй сертификаты берілді.

Автор: admin