• 14 марта, 2025 12:11 пп

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ

Автор:admin

Мар 13, 2025

 

✔️Сауран ауданында ауыл шарушылығын, оның ішінде мал шаруашылығын дамыту бағытында жаңа бастамалар қолға алынуда. Атап айтқанда, аудандағы Ескі Иқан ауылдық округінде 20 гектар жерге «Мал бордақылау және малшы үйі» жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жаңа жоба үшін Ескі Иқан елді мекенінен 3 шақырым қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер таңдалып, қажетті құжаттар әзірленуде.

✔️Қазіргі уақытта мал бордақылау алаңын салуға қызығушылық танытқан 35-тен астам кәсіпкер бар. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ниет білдіруші кәсіпкерлермен белгіленген жер телімінің басында кездесіп, пікір алмасты.

✔️Кездесуде ауыл шаруашылығы жұмыстары үшін барлық қажетті жағдайлар жасау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жобаны жүзеге асыруға қажетті жол салу, инфрақұрылым тарту жоспарлары айтылды. Осы ауқымды жобалар іске асқанда, ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары ашылып, аймақтың экономикалық дамуына тың серпін бермек.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin