• 17 марта, 2025 7:24 пп

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ОРТАЛЫҒЫНДА ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТТІ

Автор:admin

Мар 17, 2025

 

✔️Бүгін «Ұлы дала елі» орталығында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай арнайы көрме ұйымдастырылды. Бұл көрме қазақтың ұлттық киімдерінің алуан түрлілігін, олардың тарихы мен мәдени маңызын насихаттауға бағытталған.

✔️Көрмеде қазақтың дәстүрлі киім үлгілері, соның ішінде шапан, сәукеле, кимешек сияқты ұлттық киімдер ұсынылды. Әрбір киімнің өзіндік мәні мен ерекшелігі бар, олардың жасалу әдістері мен қолданылу дәстүрі келушілерге кеңінен таныстырылды.

✔️Іс-шара барысында келуішілерге ұлттық киім үлгілерінің аймақтық ерекшеліктері көрсетіліп, олардың әшекейлену ерекшеліктері мен символдық мағынасы туралы ақпарат берілді.

✔️Көрме қонақтары қазақтың ұлттық киімдерін киіп, арнайы фотоаймақта суретке түсу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен бірге ұлттық қолөнер шеберлерінің жұмыстары таныстырылып, олардың жасаған бұйымдары да назарға ұсынылды.

✔️Айта кетейік, бұл шара халқымыздың мәдени мұрасын дәріптеуге, ұлттық киімнің әсемдігін көрсетуге және жастарды ата-баба дәстүріне жақындатуға арналған. Ұлттық киім – ұлтымыздың айнасы, рухани құндылығымыздың бір бөлігі. Сондықтан осындай іс-шаралар арқылы халқымыздың сәндік-қолданбалы өнерін жандандыруға атсалысу жалғасын таппақ.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin