• 1 апреля, 2025 7:47 пп

ҚАЛАДА ЖАЙЛЫ ОРТАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Автор:admin

Мар 26, 2025

 

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қалалық әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек БАҚ өкілдерімен Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз жиынында Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы даму жоспарымен бөлісті.
Жиында айтылғандай магистральды көшелер мен саябақтарды санитарлық тазалау жұмыстары Шымкент қаласында жалпы ұзындығы 891 шақырымды құрайтын 443 магистральдық көшені мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 5 мердігер мекеме санитарлық тазалайды және абаттандырады. Нақтырағы Абай ауданы бойынша «Kazstroycapital» ЖШС, Әл-Фараби ауданы бойынша «Таза өлке» ЖШС, Еңбекші ауданы бойынша «Группа Интеко» ЖШС, Қаратау ауданы бойынша «Жасыл жер» ЖШС, ал Тұран ауданы бойынша «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС – тері тазалық және абаттандыру жұмыстарымен 2028 жылға дейін айналысатын болады. Қалада ең ұзын көше Арғынбеков көшесі 9,5 шақырым, ең қысқа көше Әл-Фараби даңғылы 500 метр.
Сонымен қатар қала аумағындағы 12 саябақ (Абай, Алатау, Металлург, Этно, Орталық, Тәуелсіздік, Наурыз, Жеңіс, Нұрсәт, Қазақстан-Түркия, Сәуле, Шымсити саябақтары) пен 44 гүлзарды күтіп ұстау жұмысын «РСП Эталон» ЖШС атқарады.
Негізгі көшелерді тазалауға мердігерлер тарапынан 2000 жұмысшы және 189 арнайы техника жұмылдырылып, өткен қыс мезгілінде көшелерде мұз қатуын болдырмау үшін реагенттер қоры 31 594 м3 құм, 13 200 тонна тұз жұмсалды.
Ал көгалдандыру жұмыстары бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылды. Мысалы, 2024 жылдың күзінде Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы қала аумағын көркейту мақсатында 108 орынға (магистральді көшелердің қиылысына, айналма жолдар, жол жиектеріне) 220 741 дана көпжылдық раушан гүлдерін екті. Ол биылғы мамыр айынан бастап гүлдей бастайды. Сондай-ақ 40 мың шаршы метр аумаққа 1,3 млн дана қызғалдақ отырғызылды. Оның ішінде 700 мың дана қызғалдақ демеушілер есебінен егілген.
Қызғалдақ гүлдеуі аяқталғаннан кейін (сәуір-мамыр айлары) аталған аумақтарға әртүрлі біржылдық гүлдер отырғызылады.
2025 жылы ұзындығы 54,2 шақырым болатын 24 магистралды көшеде (жалпы — 400 мың м2) көгалдандыру, яғни газон мен суғару жүйесін жаңарту жұмысы атқарылады. Сондай-ақ, «Абай», «Металлург», «Алатау» саябақтарында 123 млн теңгеге балалар ойын алаңшасын салу жоспарлануда. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурстарының жеңімпазы анықталды.

Автор: admin