• 21 ноября, 2024 8:41 пп

Шымкентте жұмыспен қамту шаралары жүйелі жүзеге асуда!

Автор:admin

Июн 1, 2022

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына мемлекеттің және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен микроқаржы ұйымдарын құру бөлігінде өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. «Атамекен» ҰКП және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен микроқаржы ұйымдары соңғы қарыз алушыларға номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6% — дан аспайтын микрокредиттер беретін болады. Және қаламыздағы жұмыссыздықты жою үшін кешенді іс-шаралар қабылданып жатыр. Тұрақты жұмыс орындарын құру жөніндегі шараларды күшейту үшін күрделі, ағымдағы жөндеу жөніндегі жобалар алынып тасталды және ұзақ мерзімді тиімділікке баса назар аудара отырып, құрылыс және реконструкциялау жөніндегі жобалар іріктелді. биыл 27 мың жұмыс орнын құрумен 331 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде 40% немесе 10 мыңнан астам жұмыс орны – тұрақты. Ағымдағы жылдың 9 маусым күні «Арбат» алаңында сағат 16.00-де жұмыссыз азаматтарға арналған «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.  Іс-шараның мақсаты — қаланың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының түлектері,  жұмыссыз жүрген азаматтарды нәтижелі әрі тұрақты жұмыспен қамту,  жұмыс беруші мекемелер қажетті мамандар таңдауларына, ал жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуларына мүмкіндік беру және кеңес алу.  Жәрмеңкеге 50-ге жуық жұмыс беруші мекемелер қатысып, 5000-ға жуық медициналық, техникалық, педагогикалық, жеңіл өнеркәсіп және қызмет көрсету салалары бойынша тұрақты және уақытша бос жұмыс орындары ұсынылады. Қала жастарына 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба  шеңберінде «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны»,»Ұрпақтар келісім шарты»,»Күміс жас» бағыттары бойынша ақылы  жұмыстар да ұсынылады.Сонымен қатар, қала азаматтарына еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға кәсіби оқыту курстары,Солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы туралы мәлімет беріледі. Сондай-ақ, іс-шара аясында қызмет көрсету бұрыштары орнатылып, жұмыспен қамту орталығы мамандарының кеңесі (түйіндеме құрастыру үлгісі, ЭЦҚ кілтін ашу және enbek.kz порталын пайдалану мүмкіндіктері және т.б.) беріледі. Жұмыс табудың мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Jsk ақпарат

Автор: admin